MCFR.KZ Образование

Меңгеруші мен әдіскер қызметінің жылдық циклограммасы

  • 26 марта 2019
  • 12176
Циклограмма
Циклограмма

Мектепке дейінгі білім беру басқа баспалдақтармен қатар жаңғырту үдерісіне белсенді кірісті, ол оны ұйымдық, мазмұндық және іс жүргізу деңгейлерінде жаңартуды көздейді.

Жүйеде өтіп жатқан өзгерістерге елдегі қоғамдық құбылыстарға барабар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге объективтік қажеттілік жағдай жасайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) басшыларының басқаруда елеулі өзгерістердің қажеттігін ұғынуынан да көрініс табады.

Басқару – қызмет нәтижелерін талдауды, жоспарлауды, ұйымдастыруды, түзетімдеуді, бақылауды, қадағалап отыруды білдіреді. Бұлардың бәрі белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді көздейтін басқару функциялары болып табылады. Басқаша сөздермен, функциялар басшы жұмысы мазмұнының элементі ретінде анықталады, олар басқару циклінің реттілікпен өзгеріп отыратын сатыларына сәйкес келеді деуге болады.

Басқарушылық қызмет циклді. Бұл қызметтің табыстылығы бірнеше факторға байланысты болады:

  • іс-әрекеттерді жыл сайын жұмыста пайдалану және «ажарлау» жүзеге асырылатын функциялардың ретке келтірілуі үшін алғышарттар жасайды;
  • басқарушылық топ құрамының тұрақтылығы байланыстар мен ішкі қатынастарды ретке келтіруге мүмкіндік береді;
  • МДҰ меңгерушісі мен әдіскері қыметінің бүкіл оқу жылына циклограммасын жасау қажеттігі.

МДҰ-ның әрбір қызметкері мен басқару командасының өз лауазымдық міндеттері бар. МДҰ меңгерушісі мен әдіскерінің жұмыс формалары мен функциялары әр түрлі, бірақ негізінен: құрылымдық бөлімшелердің жұмысына басшылық, ұйымдастыру мен үйлестіруде, бақылау, талдау жасау, жоспарлауда, педагогтардың біліктілігі мен кәсіптік деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауда, сыртқы байланыстарды жүзеге асыру, оңтайлы білім беру кеңістігін жасау, жергілікті актілерді дайындауда белгілі бір түйісу нүктелері болады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Қызметтердің кейбір түрлерін жоспарлау күні мен дүркінділігі шартты болып табылатынын атап өткен жөн, өйткені МДҰ жұмысының ерекшелігіне және негіз құрайтын бағытына, жоғары тұрған ұйымдардың өкімдеріне, МДҰ-ның жергілікті актілеріне байланысты болады. Мысалы, тәжірибелік-эксперименттік алаңдардың болуы, қанатқақты жобаларды орындау шығармашылық топтар қызметін ұйымдастыруды, қосымша мониторингті өткізуді талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ педагогикалық кеңестер санының арттырылуына да әкеп соғады (Білім және ғылым министрінің м. а. 16.05.2008 ж. № 272 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелерін бекіту туралы» бұйрығының 3-бөлімінің 10-тармағы «Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады»).

Жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру, учаскелерді жаз кезеңіндегі жұмысқа дайындау сияқты қызмет түрлері де шартты түрде белгілі бір айға «байланған» және МДҰ орналасқан өңірге байланысты өзгертілуі мүмкін. Ұсынылып отырған циклограммаға қызметтің циклді (яғни жыл сайын өткізілетін), бірақ мұнымен бірге әрбір МДҰ-ға тән болып табылатын түрлері мен формалары енгізілген жоқ. Бұл қызметтің тіл мерекелері, әртүрлі олимпиадалар мен спартакиадалар, шеберлік фестивальдары, педагогикалық жетістіктердің байқаулары, әртүрлі көрмелер, отбасылық клубтардың жұмысын ұйымдастыру және басқалар сияқты түрлері мен формалары. Сондықтан ұсынылып отырған циклограмма үлгі болып табылады және әрбір МДҰ-да басшы мен әдіскердің қарастыруы бойынша түзетілуі мүмкін.

МДҰ меңгерушісі мен әдіскері қызметінің негізгі түрлерінің
жылдық циклограмма
сы

Меңгеруші мен әдіскер қызметінің жылдық циклограммасы

Қызметтің негізгі түрлерін циклді жоспарлау оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ МДҰ бүкіл қызметінің жоғары деңгейіне, демек – тәрбиеленушілердің құзіреттілік даму сапасын арттыруға қол жеткізуге септігін тигізеді.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы»

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться