MCFR.KZ Образование

«Қиын» ата-аналармен жұмыс

  • 15 августа 2018
  • 540
«Қиын» ата-аналармен жұмыс
«Қиын» ата-аналармен жұмыс

«Қиын баланың» пайда болуы көп жағдайда «қиын ата-аналар» тәрбиесінің салдары болып табылады.

Бала – бұл отбасының айнасы, онда ересектердің тұлғалық қиындықтары, ерлі-зайыптылардың, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы, қарама-қайшылықтар мен жанжалдар көрініс табады.

Тәрбие – өмір сүру салты мен бейнесінен, әдеттер мен пікірден, әңгімелер мен іс-қимылдардан тұратын үздіксіз үдеріс. Осының барлығы баланың бойына ол өмірге келген сәттен бастап сіңеді. Аналар мен әкелер кейбір риясыз жағдайлардың өзінде өз балаларын «тәрбиелейтіндігі» жөнінде кейде ойланбайды.


АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗЕМІЗ

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Sergushina

И. В. Сергушина 

,«№ 118 мектеп-гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Алматы қ.
Автор бұл мақалада балалармен болатын өзгерістерді қалай көруге және түсінуге болатындығын, балалармен қоғамдық және оқу дағдыларды меңгеру процесінде оларға ата-аналармен бірге қалайша тиімді ықпал ету, ата-аналар ұжымын эмоционалды әсермен жандандыру әдістері туралы айтып береді.

«Қиын» ата-аналар санатын

  • өмірлік жағдайы күрделі;
  • адамгершілікке жат, бейәлеуметтік;
  • аз қамтылған;
  • педагогикалық сауатсыз;
  • толық емес;
  • асырап алған отбасылар құрайды.

Олармен жұмыс барысында педагог немқұрайлылыққа, сенімсіздікке, мұғаліммен араласуға, оның пікірімен санасуға деген ниетсіздікке, жалпы мектепке деген немқұрайлы көзқарасқа тап болады.

Жұмыстағы мұндай қиындықтар жаңадан келген, және де тәжірибелі оқытушыларда да кездеседі.

Деңгейі басқа адамдармен істес болудан қорқақтау, қателіктен, ақымақ, оғаш көрінуден қорқу ата-ананың мұндай іс-әрекетінің себебі болып табылады, мұндай іс-әрекет ол үшін қалыпты жағдай, қорғаныстың қандай да формасы болуы да мүмкін.

Педагог міндеттері:

  • оппонентінің эмоцияларын толық шығаруына мүмкіндік бере отырып, өзінің эмоцияларын толық бақылауға тырысу;
  • осы, нақты жағдайда осындай ата-аналармен өткендегі қарым-қатынас тәжірибесін асыра бағаламау.

Жанжалды жағдайлардың алдын алу алгоритмі:

Жанжал себептерін анықтау

  • Ата-ананы мұқият тыңдау
  • Өзі үшін туындаған жағдайды тұжырымдау
  • Қарама-қайшылықтарды нақтылау мақсатында жетекші сұрақ қою
  • Өзіңізді мәселені естігеніңізге және оны шешуге қатысатыныңызға оқушының анасы мен әкесінің көзін жеткізу
  • Жанжалды жағдайдың нақты шегін орнату, туындаған қиындықтарды шешуге ұмтылу

Шешу жолдары

  • Шешуді мына сұрақтан бастау: «нақты жағдайда не істеу керек»
  • Ата-анаға өзінің пікірін алғашқы болып айтуға мүмкіндік беру, ары қарай өз нұсқаларыңды ұсыну
  • Әртүрлі ұсыныстарды, тіпті ең оғаштарын да қарастыру
  • Бақылаусыздық жағдайды бағалау әділдігін төмендететіндіктен, өз эмоцияңды бақылау
  • Шынайы уәж жалған уәждің астарында жататындықтан, жанжалдың себептерін талдауға тырысу
  • Өзін өзі қорғауға назар аудармау, себебі бұл жағдайдың және ата-аналардың мінез-құлығының өзгерістерін уақытында байқауға кедергі келтіреді
  • Әңгімелесуде бастамашылдық өзіңе алу, тақырыпты, мәнерін қалыптастыру, өзіндік сөйлеу стилін қалыптастыру
  • Талқылауда оппонентті тыңдауға, сенім ортасын құруға, өзара қызығушылықтарды ескеруге тырысу
  • Жанжалды сәтті шешуде екі жақ үшін қолайлы нұсқаларды табу
  • Қиын мәселелерді бірге шешкеннің қаншалықты оңай екендігіне баса назар аударып, алғыс білдіру

«Қиын» ата-аналармен әрекеттестіктің тағы бір мәселесіне мектеппен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі немесе болмауы жатады. Олардың мұғалімдермен өзара байланысының әсерлі механизміне мектеп сайтында қонақ кітапшасын. Немесе педагогтермен онлайн консультациялар парағын дайындау жатады, бұл жерде ата-аналар үйінен шықпастан оқытушыларға тікелей сұрақтарын жолдай алады.

Мұғалімнің міндеті – аналар мен әкелердің назарына осындай әрекеттестік фактісін жеткізу және оларды байланыс деректерімен қамтамасыз ету.

Кез келген адам өзіне беретін нұсқаулар оның өмірінде үлкен рөл атқарады. Оның тұлғалық әрі кәсіби сәттілігі осыған байланысты.

«Қиын» ата-аналармен жұмыстың сәтті шығуы мұғалімнің көңіл күйіне де байланысты.

Педагогтің жұмысында қиындықтар тудыратын нұсқаулар:

  • Менің оқушыларымның ата-аналары мені және менің пікірімді құрметтеуге, бағалауға, барлық туындаған сұрақтар бойынша менімен келісуге міндетті.
  • Олардың өміріндегі құндылықтар мен басымдықтар менікімен сәйкес келуі тиіс, себебі мен – олардың балаларының ұстазымын.
  • Олар «қиын» болғандықтан, менің оларды қандай кейіпте көргім келетінен түсінбегендіктен олармен жұмыс барысында қиындықтар туындайды.
  • Егер маған қандай да бір шағымдар болса, балалармен жүргізген жұмысыма көңілдері толмаса, арыздары болса, олар мұның барлығын менің жүйкемді тоздыру үшін, мектептің алдында мені ақымақ көрсету үшін, менің мұғалімдік мәртебемді түсіру үшін істейді.
  • Мен оқушылармен, әсіресе ата-аналармен қалай жұмыс жасау керектігін білемін.
  • Нағыз педагог ретінде мен өз жұмысыма және ата-аналармен жұмысқа толық берілуім керек.
  • Ата-аналар тарапынан наразылық – менің кәсіпқойсыздығымның нәтижесі.

Педагогтің ата-аналармен жұмысына көмектесетін ұтылыссыз нұсқаулар:

  • Адамдар әртүрлі, олардың әрқайсысының пікірі мен көзқарастары бірдей болуы мүмкін емес.
  • Егер менің ұстаздық қызметімнің жолында «қиын» оқушылар мен «қиын» ата-аналар кездеспесе, жақсы болар еді, бірақ шынайы өмірде екеуі де кездеседі.
  • Бұл менің нашар жұмыс істейтінімді білдірмейді, олар мен бақытсыздыққа ұшарата алмайды, мен кәсіби жетістікті таңдаймын.
  • Егер ата-аналардың маған шағымдары болса, менің балаларыммен жұмысыма көңілдері толмаса, арыздары болса, бұл олардың маған қарсы екендіктерін білдірмейді.
  • Бұл олардың өз балаларына қамқорлық танытатындықтарын, олардың мәселелеріне толғанатындығын және шешімін іздейтіндігін білдіреді.
  • Педагог ретінде менің үнемі оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеуім керек, оны жағымдануға және ұнауға тьырыспастан кәсіби, сауатты түрде орындауым керек.
  • Жоғары педагогикалық біліміме қарамастан, үнемі жетіліп отыру керек, уақыттың ағымына қарай жүру керек.

Кез келген жұмыс күш-жігерді, энергияны және қайтарымды талап етеді. Оқушылардың ата-аналардың өзіңнің сабырлығыңмен, зияткерлігіңмен, біліктілігіңмен және істі білуіңмен піріклесіңе және көмекшіңе айналдыруға болады.

Негізін дәстүрлі қиындықтар құрайтын 5 жағдай:

Отбасылық мәселенің мәні

Отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктері

Жалпы ұсыныстар

Толық емес отбасы

Отбасындағы атмосфера эмоционалды салқындықпен, немқұрайлылықпен, рухани қарым-қатынастың болмауымен сипатталады

Анаңды өзіңе тартуға тырысу, оның сеніміне кіру (егер ол сақтықпен қараған жағдайда, пенжуге асықпау керек)

Ананың назарын жасөспірімдер тағдырына, оның болашағына аудару (оның болашағына деген жауапкершілігін оятуға тырысу)

Оның баламен рухани қарым-қатынасқа, ой алмасуға, күнделікті өмірлік мәселелердің шешімін бірлесе іздеуге, оларды бір-біріне жақындата алатындардың барлығына деген ниетін ояту

Балаларға қатысты бақылаусыздық орын алатын отбасы

Әдеттегідей, бұл ішімдікке тәуелді отьасылар, оларды мәдени шектеулілік, сезімдердің тапшылығы, балалармен рухани байланыстың жоқтығы байқалады

Ата-аналардың «өмір салтының» қалыптасушы тұлға ретінде балаға тигізетін кері әсерін оларға түсіндіру

Олардың назарын жасөспірім басынан өткеретін сезімдер мен қайғыруларға аудару (азап, ұялу, адамгершілікке жат өмір салтын ұстанатын әкесі мен анасы үшін ренжу, кінәлау, сыныптастары тарапынан сыйластықтан айырылу)

Жасөспірімді қоршаған адамдармен кең қарым-қатынасқа тартып, рухани қолдау, бақылау орнату, әртүрлі тапсырмаларды сеніп тапсыру, өзінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру керек


Ата-аналарының педагогикалық сауатсыздығымен сипатталатын отбасылар

Құрылымдық әрекеттестік әдістері болмағандықтан ата-аналар мен балалар арасында түсіністік жоқ. Ата-аналар отбасылық тәрбиенің мәнін толық бағаламайды, мектеп пен мұғалімдердің мәртебесіне кір келтіреді

Ата-аналардың өз бетімен білім алу маңыздығын, жеке әңгімелесулер, тақырыптық консультациялар арқылы өз балаңды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінің біліктілігін қалыптастыру

Барлық балалардың білімді ата-аналарға мұқтаж екендігі туралы ой қалыптастыру, бұл балалардың алдында ересектердің мәртебесін көтереді

Рухани-адамгершілікті дамуға зала келтіре отырып, материалдық жағдайға басымдық берілетін отбасылар

Балалары менменшіл, тым іс-тәжірибешіл тұтынушылар болып өсетін отбасылар. Ата-аналар баларының мұндай қасиеттерін қолдайды

Дипломатикалық тәсілді қолдана отырып, ата-аналардың қызығушылығын жасөспірімнің рухани әлеміне бағдарлауға тырысу

Мектептегі және үйдегі кездесулер барысында баланың сау қызығушылықтарына сүйене отырып, басқа отбасылардың мейірімділікке, сезімталдыққа, толеранттылыққа, игі істерге бағдарланған өмірін үлгі ете отырып, жанама әсер етуді қолдану

Ата-аналар балаларына қатыгездікке тең жоғары талаптар қоятын отбасылар

Кішкентай қателіктің өзі үшін физикалық жаза қолданылатын отбасылар, балалар қатыгез әрі ызалы болып өседі

Ата-аналарға балаға күш қолдануға қатысты әрекеттердің психологиялық салдары туралы түсіндіру (қатыгездік тек қатыгездік тудырады)

Оларға баламен тең дәрежеде сөйлесу керектігін дәлелдеу (оған дербестік пен құрметке толық құқылы адам ретінде қарау)

Балаға деген шыдамдылық пен мейірімділік – тәрбиелеудің басты құралы екендігіне бағыттау

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Ата-аналарға арналған жаднама

  • Мұғалімдерден бәсекелестеріңізді емес, пікірлестеріңізді көруге тырысыңыздар
  • Есте сақтаңыздар – ата-аналар педагог емес, олар мұғалімнің көмегіне мұқтаж
  • Балаңыздың мектептегі мәселелеріне шынайы қызығушылық танытыңыщ
  • Үнемі мұғалімді балаңыздың алдында қолдауға тырысыңыз
  • Тәрбиелеу шарттары туралы алған ақпаратты басқа отбасыларда қолданбаңыз
  • Мұғалімге балаңыздың мінезінің ол білмейтін тұстарын айтып беріңіз
  • Есте сақтаңыздар – мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының басты қағидаты – «Зияныңды тигізбе!»
  • Егер сізді жанжалға тартса, оның неге әкеліп соғатынын ойлаңыз

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться