text
MCFR.KZ Образование

Балабақшада жуушы құралдарды жұмсау нормалары

  • 27 сентября 2018
  • 437
Жуушы құралдарды жұмсау нормалары
Жуушы құралдарды жұмсау нормалары

Тауарлық-материалдық қорларды есептен шығару меншік формаларына қарамастан нормативтер бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Бухгалтерлік есепті қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге нақты сәйкестікте жүргізгісі келетін мамандар саны көбейіп келеді.

Алайда, мәселелердің барлығына бірдей ресми жауаптар табыла бермейді. Мысалға, жуушы құралдарды есептен шығаруды алайық. Оны реттеу әрбір мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) өздігінше жүргізіледі.

Бухгалтерлерде уәкілетті органдармен бекітілмеген кез келген нормаларды өзінің есепке алу саясатымен немесе бірінші басшының бұйрығымен әзірлеуге және бекітуге құқықтары жетерлік. Жергілікті нормалар қызмет пен үй-жайлардың ерекшелігін және қандай да бір үдеріске ықпал ететін басқа да көптеген факторларды есепке алатын болады.

Жуушы құралдарды есептен шығару бойынша нормаларды әзірлеу кезінде «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2017 ж. № 615 бұйрығына (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) сәйкес санитарлық режимді сақтауды есепке алу қажет.

Жуушы құралдарды жұмсау нормаларыЖуушы құралдарды есептен шығару нормаларын әзірлеу жөніндегі мәселені шешу үшін санитарлық қағидаларда көрсетілген сәйкес талаптарды қарастырайық:

Қалыпты режимде жұмыс істейтін үй-жайлардағы қабырғалардың, жабдықтың беті ылғалды тәсілмен жинауға жол беретіндей тегіс, күңгірт болады.

Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындар) қабырғаларын кемінде 1,5 м биіктікте, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікте тақтаймен немесе жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін басқа да материалдармен қаптайды.

Үй-жайлардағы еден ағаш тақтаймен немесе паркетпен жабылады. Едендердің бетіне ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін синтетикалық полимерлі материалдар, жылы линолеум төсеуге жол беріледі.

Барлық үй-жайлардағы еденнің беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы тиіс.

Спорт залдың едені ағаштан немесе арнайы жабыны болады.

  • Объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

Әкелінетін сумен жұмыс істейтін объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған сыйымдылықтар орналастырылған жеке үй-жай көзделеді. Сыйымдылықтардың таңбалауы («Ауыз су») болады, апта сайын (және қажеттілігіне қарай) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, тазалауға және дезинфекциялауға жатады. Ауыз суға арналған сыйымдылықтар басқа мақсаттарда пайдаланылмайды.

Ауыз су уақтылы тазартылатын, жуылатын және дезинфекцияланатын, ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан орындалған арнайы таңбаланған сыйымдылықтармен, арнайы автокөлікпен әкелінеді.

Персоналға арналған санитариялық-аулалық қондырғылардың (бұдан әрі – САҚ) жердің үстіндегі үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады.

САҚ-ты жинауды дезинфекциялық құралдарын қолдана отырып күн сайын жүргізеді. САҚ-тың қазылған шұңқырын уақтылы тазалайды.

  • Объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

Объектілердің барлық үй-жайлары мен жабдығы таза ұсталады. Медициналық үй-жайларды, ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалайды. Дәретханаларда едендер, есік тұтқалары, крандардың шүмектері, раковиналар және унитаздар күнделікті дезинфекциялануға жатады.

Түбектер пайдаланылғаннан кейін тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Таза түбектер дәретханаларда, жеке таңбаланған ұяшықтарда сақталады. Түбектерді сулауға арналған сыйымдылықтар таңбаланады.

Сәбилер үйлеріндегі топтардағы құндақтау үстелдері, балалардың жаялық клеенкалары, манеждердің жабыны, ойын жабдықтары күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып өңделеді, нәжіспен ластанған жағдайда қосымша дезинфекциялау жүргізеді.

Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ертіндіні дайындау күні көрсетіле отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары, жұмысшы ерітінділері балалардың қолы жетпейтін орындарда сақталады.

Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) таңбаланады және жеке үй-жайларға (санитариялық тораптар, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақтану залы, топтық үй-жайлар) бекітіледі, арнайы бөлінген үй-жайларда (орындарда) сақталады. Санитариялық тораптарға арналған жинау мүкәммалының сигналды таңбасы болады.

Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған, тазалауға және дезинфекциялауға жеңіл су өткізбейтін жабыны бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады.

Көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылған МДҰ-ның қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғыштары немесе контейнерлері пайдаланылады.

Спорт залдары жанындағы киім шешетін бөлмелер киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен, орындықтармен жабдықталады.

Спорттық төсеніштердің жабыны тазалауға және дезинфекциялауға болатын материалдардан көздейді.

Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып күннің соңында жуады. Ойыншықтарды жууға арналған сыйымдылықты, шүберек пен жөкені таңбалайды.

Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан кемінде 25 см қашықтықта 30 минут бойы бактерицидті сәулелегіштермен дезинфекцияланады.

Ерте жастағы топтарда және медициналық мақсаттағы үй-жайларда жұмсақ ойыншықтар мен пенолатексті түкті ойыншықтар пайдаланылмайды.

  • Балалардың тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

Төсек-орынды, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Жылына кемінде бір рет төсек-орын жабдықтары камералық дезинфекциялануға жатады.

Кір жуатын орында таза және лас төсек-орынның қарама-қарсы ағынына жол берілмейді.

Инфекциялық аурумен ауырған науқастардың төсек-орны жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатады.

Объектілерде қызмет көрсететін персонал (тәрбиешілердің көмекшілері, техникалық персонал), ас блогының жұмыскерлері кемінде 2 жиынтығы бар арнайы киіммен (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, алжапқыш), ауыстыратын аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.

Объектілердің қызметкерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды, объектіден шығар кезде және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешеді, жұмысты бастар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және ластанған заттармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен жуады.

Ас блогының жұмыскерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын сақтайды:

1) жұмыс басталар алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен мұқият жуады;

2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;

3) жұмыс процесінде сақина, алқа, сағатты шешіп қояды;

4) ас блогынан шығатын кезде, дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен, сабынмен және жөкемен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.

Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.

  • Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралдарымен санитариялық-дезинфекциялық өңдеуден өткізеді.

★ТЕКСЕРУЛЕР★

Өндірістік бақылау бойынша шаралар тізімі
Жуушы құралдарды жұмсау нормалары

Н. В. Карасёва

«№ 96 сәбилер бақшасы» МКҚК меңгерушісі, Алматы қ.
В какие сроки и в каком размере вносится обеспечение исполнения договора в виде гарантийного денежного взноса, если договор заключен на срок более одного финансового года? Как это оформить на веб-портале государственных закупок?

Әдеттегіде әрбір МДҰ-да жуушы құралдарды жұмсау нормалары – жуушы құралдар мөлшері болады, ол жоспар бойынша сатылып алынады және топтарға, кір жуатын орынға, тағам блогына, қызметтік үй-жайларды тазалап-жинастырушыға беріледі. Айлық орташа шығынды зерттелетін кезең ішіндегі орташа нақты тұтынудан есептеп шығаруға болады, ол есептен шығару нормаларын есептеу үшін негіз болып қабылданады. Нормаларды тазартылатын ауданның шаршы метрлеріне емес, жекелеген топтар мен шаруашылық бөлімшелері (асүй, кір жуатын орын және т. б.) үшін кезеңдерге, мысалы, аптаға, айға және т. б. есептеген қолайлы. Әзірленген нормалар бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі, ал есепке алу саясатына жуушы құралдарды есептен шығарудың әзірленген және бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асырылғаны туралы жазба енгізіледі. Мұндай құжаттардың қолданылуы есептік кезеңге, яғни есептік жылдың 31 желтоқсанына дейін көзделеді. Келесі жылы бұл нормалар қайтадан бекітіледі және қажет болған жағдайда түзетіледі.

Бухгалтерлердің назарын МДҰ-ның есепке алу саясатында жуушы, зарарсыздандырушы құралдарды және жеке гигиена құралдарын МДҰ қызметкерлері әзірлеген және бірінші басшының бұйрығымен бекітілген нормалар бойынша есептен шығару шарты көрініс табуы тиіс екендігіне аударамын.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы»

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты