MCFR.KZ Образование

Сенсорлық тәрбие бойынша дидактикалық ойындар

  • 7 марта 2019
  • 1837
Сенсорлық тәрбие
Сенсорлық тәрбие

Қазіргі заманғы әлемде көптеген қабілеттерге ие адам жетістікке жете алады.

«Өзімнің істеуіме көмектес» – М. Монтессори педагогикасының негізгі девизі. Балаларды оқыту жүйесі олардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі дамытуына негізделген. Бала ішкі әлеуетін қолдана отырып тұлғасын өз бетінше қалыптастырады. Бұл әдістемеде жалпы өлшемдер бойынша салыстырулар және өлшеулер қолданылмайды. Мұның орнына балалар еркін, мәжбүр етусіз, сырттан араласусыз және сын айтусыз оқиды.

Мақсат: баланы вундеркиндке айналдырмай, керісінше оның дербестігін және басқа да қабілеттерін дамыту. Негізгі «қулық» – бағдарламаның болмауы. Педагог тәрбиелеуге қатыспайды деуге болады, оның басты міндеті – балаға өмірінің нақты кезеңінде не қызықты екендігін түсіну, оқу үшін оңтайлы ортаны қамтамасыз ету және заттарды қолдануды мәжбүрлемей үйрету.

МДҰ-дағы жабдық балалардың бойына сай келуі, олардың өз беттерімен үстелді және орындықтарды қозғауға, оқу үшін орын дайындауға, сынғыш заттарды қолдануды үйренуге мүмкіндіктері болуы тиіс. Мұның барлығы баланы бір-бірімен және айналасындағы ересектермен қарым-қатынастағы әлеуметтік мінез-құлыққа үйретеді.

★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ★

Балалардың пайымдау тілін дамыту

Балалармен дербес жұмыс жүргізу

Л. В. Подобинская

педагогика магистрі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Байланыстырып сөйлеуді дамыту – баланың толыққанды дамуының маңызды шарты. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесімен мына ғалымдар айналысты: Л. С. Выготский, К. Д. Ушинский, Е. И. Тихеева, О. С. Ушакова, Е. А. Флерина. Олар балаларға әңгімелеуді үйрету қажеттілігін атап өтіп, монологтық сөйлеуді үйрету нысандары мен әдістерін ұсынды. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі педагогика да осы мәселені балаларды оқытудағы басты мәселелер қатарына жатқызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте мектеп жасына дейінгі балаларға монологтық сөйлеуді үйретудің негізгі бағыттары, мазмұны мен әдістері толық сипатталған.

М. Монтессори әдістемесі бойынша мынадай бірнеше дидактикалық ойындар ойлап табылды:

  • «Судан аулайық» – елеуіштің көмегімен ыдыстың ішінен ұсақ заттарды (тығындар, бұтақтар және т. б.) аулайды;
  • «Тұқымдарды сұрыптаймыз» – бір қорапқа салынған тұқымдарды түрлі бөліктер бойынша сұрыптайды (қолдың саусақтары дамиды);
  • «Кәрзеңкедегі кір қыстырғыштар» – кір қыстырғышты үш саусағымен алып, кәрзеңкенің шетіне қыстырады. Оң немесе сол қолының саусақтарының ұшын жаттықтырады. Мұны қадағалай отырып, баланың солақай немесе оңақай екендігін анықтауға болады;
  • «Төгіп алма» – жармасы бар құмыраны оң қолында ұстап және сол қолымен көмектесе отырып стақанға салады;
  • «Қасықпен саламыз» – жармаға толы тостағаннан бос тостағанға қасықпен салады.

Соңғы екі ойын балалардың көзбен өлшеуін дамытады, ұқыптылыққа, заттарды сақтықпен пайдалануға үйретеді.

Бұл әдістеме қолдың ұсақ моторикасын дамытады.

Аталған барлық ойындарды негізгі сабақтардан бос уақытта өткіземін, қауіпсіздік техникасын мәжбүрлемей, дұрыс қимыл-қозғалыстарды көрсете отырып үйретемін.

Осылайша, балалар ойнай отыра, еңбек етеді, бұл оларға ұнайды, ересектер күнделікті өмірде айналысатын нәрсені жасау үлкен қуаныш әкеледі. Нәтижесінде жауапкершілік, дербестік дамиды және заттарды сақтықпен қолдану үйретіледі.

Бұл ойындардың барлығы жеңіл, ойыншықтар немесе арнайы құралдар қажет етілмейді, кәдімгі заттар: кір қыстырғыштар, кәрзеңкелер, тостағандар және т. б. қолданылады. Әрине, алдымен тәрбиеленушілердің ата-аналарын М. Монтессори әдістемесімен таныстырған және оларды балалармен жұмыс істеуді ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескерткен жөн: балаларды ұсақ заттарды қолдану кезінде қараусыз қалдыруға болмайды, өз жұмыс орындарын жинастыруға үйрету қажет.

Бұл әдістемедегі басты нәрсе – қалаған кезінде ойнау мүмкіндігінің болуы, бала ойынын ересектердің көмегінсіз ұйымдастыра алғаны құба-құп болады. Мұндай балаға ересек өміріндегі жауапкершілік және дербестік қорқыныш тудырмайды.

Сенсорлық даму аймағында ол өмірде жетіспейтін барлық әсерлерді ала алады. Бұл жерде бар материалдардың көмегімен көру, иіс сезу, дәм сезу қабілеттері дамиды, сонымен қатар температураларды салыстыруға, заттардың салмағының айырмашылығын байқауға жаттығу және әрине, бұлшық етті дамыту мүмкіндігі туады. Бұл математика аймағына өтудің алдындағы маңызды дайындық сатысы болып табылады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 8-2014 журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться