text
MCFR.KZ Образование

Жазғы мектеп лагерін ұйымдастыру

  • 14 октября 2017
  • 2532
Жазғы мектеп лагерін ұйымдастыру
Жазғы мектеп лагерін ұйымдастыру

Жазғы демалыстың жылы күндері балалар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан дамып, жаңа оқу жылына күш жинауы тиіс.

Өмір сүруге қажетті осы маңызды сұранысты қалыптастыру өмір сүру ерекшелігі мен тәрбиесі, баланың сәтті дамуы үшін ересектер қалыптастыратын жағдайға байланысты.

Біздің гимназиямыздың мектеп жанындағы сауықтыру лагері – балалардың жазғы кезеңдегі демалысының сұранысқа ие негізгі формаларының бірі, ол сауықтыру әрі тәрбиелеу міндетін атқарады.

Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін тәрбиешілер бірқатар басымдықтарға ие: бала мінезінің ерекшеліктерін, оның әдеттері мен қызығушылықтарын жақсы біледі, ол жаңа ортаға бейімделуі қиын балаларға оң әсер етеді.

Мақсаты: балалардың жазғы кезеңдегі физикалық сауығу және демалу жүйесін ұйымдастыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту.

Міндеттері:

  • әрбір баланы өз денсаулығын саналы түрде нығайтуға тарту;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, мәдени-бұқаралық және спорттық жұмыстарға тарту;
  • балалардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қимыл белсенділігін жеделдету;
  • табиғатқа, ізгілікке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Басқарушы құрам:

  • директор;
  • екі тәрбиеші;
  • дене шынықтыру, музыка, бейнелеу өнері мұғалімі;
  • медицина қызметкері.

Педагогикалық шарттар:

  • балалардың ортақ істі әзірлеу мен дайындауға, лагерь жұмысын ұйымдастыруға қосылу еріктілігі;
  • балалардың әртүрлі қызметке жеке және ұжымдық түрде қосылуының үйлесімі (шығармашылық, дамытушы, зияткерлік);
  • сайыс, конкурс нәтижелері туралы, қандай да бір іске қатысу жағдайлары туралы жүйелі түрде ақпараттандыру;
  • баланың өзін іс жүзінде сәтті көрсетуін қамтамасыз етуге ықпал ететін жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық құралдарды іріктеу;
  • белгілі бір қызмет түрінен басқасына ауысу мүмкіндігін қалыптастыру.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Әдістемелік қамту:

  • лагерь бағдарламасының, жасақ жұмысы жоспарларының, ойын сюжеті моделінің сипаттамасының, кесте-жоспардың болуы;
  • лауазымдық нұсқаулықтар, мектеп базасында лагерьді ұйымдастыру туралы бұйрық;
  • лагерь бағдарламасына сәйкес әдістемелік материалды таңдау;
  • істерді өткізу реквизиттерін таңдау;
  • педагогикалық қызмет нәтижелері мен лагерь тәрбиеленушілерінің қызметін қадағалау жүйесін әзірлеу, қорытынды шығару, қол жеткізген жетістіктер мен нәтижелердің жариялылығын қамтамасыз ету.

Маусымның алдында әрбір қызметкерге бекітілетін ойын түріндегі 2–3 қызықты жоспарланған іс-шараның жоспары құрастырылады. Бұл балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, саламатты өмір салтын, өмір сүру қауіпсіздігі машықтарын насихаттайды.

Лагерьде үш рет тамақтандырады, ол тәрбиеленушілердің ойнау мен тәрбиешінің әртүрлі тапсырмаларын орындауға күш жинауы ас мәзірі барынша толыққанды әрі пайдалы. Санитарлық талаптар сақталады; әр баланың ішінде сүлгісі мен сабыны бар жеке гигиеналық сөмкесі бар.

Алғашқы күн – «Танысу күні» – балалар лагерьдің атауын, ұранын, әнді жаттайды, қызметкерлермен және өзара танысады.

Қағидалары

  • Шекара. Рұқсатсыз лагерьден шығуға болмайды.
  • Су. Ересектердің рұқсатынсыз бассейнге түсуге тыйым салынады.
  • Өсімдік. Бірде-бір сынған бұтақ болмауы тиіс. Табиғатты сақтайық.
  • Қол көтеру. Егер тәрбиеші қолын көтерсе – барлығы тынышталады.
  • Уақыт. Әр сағатты үнемде. Кешікпеу керек және істі белгіленген уақытта бастау керек.
  • Төзімділік. Төзімді бол.
  • Достық. Біреуі бәрі үшін, бәрі бірі үшін!
  • Шығармашылық. Үнемі, кез келген жерде ғажайыптар жасап, адамдарға қуаныш сыйлау керек!

Лагерьге жастары әртүрлі балалар келеді, олардың әрқайсысымен жеке тіл табысу керек. Ересек балаларды тәрбиешілер қызықты үстел үстілік ойындарға тартса, сәбилерді – барынша қозғалысты – «сабау», «қуаласпақ», «тоқылған шынжырлар», көшеде би байқаулары, спорттық эстафеталар ұйымдастырылады.

Салқын күндері қызықты экспонаттар бар мұражайларды аралайды, тақырыптық сұхбаттар өткізіледі – туған өлкесіне, Отанына деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Балалар елінің тарихын құрметтеуге, қазіргі уақытты бағалауға және өткенді ұмтыпауға машықтанады.

Бассейнге бару, саябақта демалу балаларды ерекше шаттыққа бөлейді, ол жерде табиғат жайында әңгімелесіп, су қоймасындағы құстарды бақылауға, табиғаттың сұлулығына назар аударуға болады.

Күнделікті ойын формасында үйірмелер өткізіледі:

  • математикалық жүгірулер;
  • КТК (КВН);
  • «Ең ақылды» ойыны;
  • эстафеталар;
  • анаграммалар, метаграммалар, ребустар, сөзжұмбақтар, жұмбақ сөздер және т. б.

Мектеп жанындағы лагерьдің апталық жұмыс жоспары

Уақыты

Іс-шаралар

Дүйсенбі

8:00–8:45

Балаларды қабылдау

8:45–9:00

Жаттығу

9:00–9:20

Таңғы ас

9:20–10:00

Іс-шараларға дайындық (балалардың бос уақыты)

10:00–10:50

«Адал дос» дог-шоуы

11:00–11:50

«Көңілді математика» үйірмесі

12:00–13:00

Таза ауадағы ойындар

13:00–13:30

Түскі ас

13:30–15:30

Ұйқы

15:30–16:00

Түстік

16:00–16:50

Бейнелеу өнері үйірмесі

17:00–18:00

Балалардың қалауына қарай ойындар. Балалардың үйге қайтуы

Сейсенбі

8:00–8:45

Балаларды қабылдау

8:45–9:00

Жаттығу

9:00–9:20

Таңғы ас

9:20–10:00

Іс-шараларға дайындық (балалардың бос уақыты)

10:00–10:50

Кинотеатрға бару

11:00–11:50

«Спортландия» үйірмесі

12:00–13:00

«Теңізде, толқынмен» саяхат ойыны

13:00–13:30

Түскі ас

13:30–15:30

Ұйқы

15:30–16:00

Түстік

16:00–16:50

Ағылшын тілі үйірмесі

17:00–18:00

Балалардың қалауына қарай ойындар. Балалардың үйге қайтуы

Сәрсенбі

8:00–8:45

Балаларды қабылдау

8:45–9:00

Жаттығу

9:00–9:20

Таңғы ас

9:20–10:00

Іс-шараларға дайындық (балалардың бос уақыты)

10:00–10:50

«Ертегілер әлемі» КТК (КВН)

11:00–11:50

Бассейн

12:00–13:00

Таза ауадағы ойындар

13:00–13:30

Түскі ас

13:30–15:30

Ұйқы

15:30–16:00

Түстік

16:00–16:50

«Шарикиада» спортық эстафетасы

17:00:18:00

Балалардың қалауына қарай ойындар. Балалардың үйге қайтуы

Бейсенбі

8:00–8:45

Балаларды қабылдау

8:45–9:00

Жаттығу

9:00–9:20

Таңғы ас

9:20–10:00

Іс-шараларға дайындық (балалардың бос уақыты)

10:00–10:50

Қалалық іс-шара

11:00–11:50

«Көңілді математика» үйірмесі

12:00–13:00

Кітапханаға бару

13:00–13:30

Түскі ас

13:30–15:30

Ұйқы

15:30–16:00

Түстік

16:00–16:50

Бейнелеу өнері үйірмесі

17:00–18:00

Балалардың қалауына қарай ойындар. Балалардың үйге қайтуы

Жұма

8:00–8:45

Балаларды қабылдау

8:45–9:00

Жаттығу

9:00–9:20

Таңғы ас

9:20–10:00

Іс-шараларға дайындық (балалардың бос уақыты)

10:00–10:50

«Гүлді алқап» конкурс-ойыны

11:00–11:50

«Спортландия» үйірмесі

12:00–13:00

Таза ауадағы ойындар

13:00–13:30

Түскі ас

13:30–15:30

Ұйқы

15:30–16:00

Түстік

16:00–16:50

Ағылшын тілі үйірмесі

17:00–18:00

Балалардың қалауына қарай ойындар. Балалардың үйге қайтуы

Тек лагерьде педагогтердің балалармен әртүрлі қызметте танысу, оларды жақсырақ білу мүмкіндігі пайда болады, ал оқушылар жан-жақты қарым-қатынас және әрекеттестік тәжірибесін жинақтайды. 

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты