Справочник руководителя образовательного учреждения

Еңбекке баулу: еңбекке баулу жоспары, ата-аналармен жұмыс

  • 10 апреля 2019
  • 1595
Еңбекке баулу: еңбекке баулу жоспары, ата-аналармен жұмыс
Еңбекке баулу: еңбекке баулу жоспары, ата-аналармен жұмыс

Еңбекке баулу – біртұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі, оған оқушылардың машықтары мен қабілеттерін қалыптастыру, олардың шығармашылық тәжірибелік ойын , санасы мен белсенділігін дамыту кіреді.

Балаларды еңбек ету тәсілдеріне баулу мектептің өмірмен астарласқанын білдірмейді, қоршаған әлеуметтік орта мен табиғаттан алынған нақты материалға, тікелей тәжірибе мен балаларға жүргізілген бақылауға сүйене отырып оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолданып, оқу-тәрбие үдерісін түбегейлі өзгерту қажет.

Еңбек тұлғаның психикасы мен ізгілікті қасиеттерін дамытудың басты құралдарының бірі болып табылады.

★ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ★

САБАҚТАН ТЫС ҚЫЗМЕТТЕГІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
Оқушыларды еңбекке баулу

М. Т. Тұяқова

«Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының ПҚ БАИ деңгейлік дайындық орталығының тренері, Қостанай қ.

Мақала оқушылардың интеллектуалдық даму аспектілерін сабақтан тыс қызметті тиімді ұйымдастыру арқылы баяндауға арналған.

Рухани-адамгершілік тәрбие негізгі өмірлік құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Бұл Отанға, қоғамға, ұжымға, отбасына, адамдарға, еңбекке, өзінің міндеттеріне және өз-өзіне деген сүйіспеншілік және отансүйгіштік, толеранттық, серіктестік, шынайылыққа белсенді көзқарас, адамдарға терең құрмет сияқты қасиеттерді дамыту.

Олардың қалыптасуы баланың өсу кезеңінде жүреді. Осыған байланысты оқушы тұлғасының қалыптасу үдерісіндегі маңызды рөлді сынып жетекшісі атқарады.

Мақсаты: болашақ ересек өмірі үшін оқушылардың еңбекке деген машықтары мен дағдыларының қажетті деңгейін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • балалардың еңбекке қатысты оң көзқарасын қалыптастыру және оны өмірдегі басты құндылық ретінде қабылдау;
  • еңбексүйгіштікті, борыштық сезімін және жауапкершілігін, мақсаткерлігі мен жігерлілігін, адалдығын тәрбиелеу;
  • шығармашылық еңбекке деген сұранымы мен өз білімін іс-тәжірибеде қолдануға деген ынтасын дамыту;
  • ақыл-ой және дене еңбегі негіздерін, командада немесе топта жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру;
  • оқушыларды әртүрлі машықтармен және дағдылармен қаруландыру.
  • тұлғаның түсінігін қалыптастыру: әңгіме, түсіндіру, ұғындыру, дәріс, сұхбат, хабарлау, сендіру, нұсқаулық, пікірсайыс, баяндама, үлгі.
  • қызметті ұйымдастыру және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыру: жаттығу, баулу, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелеуші жағдайлар.
  • іс-қимыл мен қызметті ынталандыру: марапаттау, сайыс.
  • алары:
  • рухани және материалдық ынталандыру құралдары;
  • байқаулар мен конкурстар өткізу;
  • өз қабілеттерін таныстырудың ауқымды мүмкіндіктерін беру;
  • ата-аналар қоғамдастығымен серіктестік;
  • өскелең ұрпақты отбасылық тәрбие әдістерімен және оқу орындарында еңбек етуге дайындау;
  • еңбекке баулу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану.

Түрлері

  • Оқу – ауқымды күш-жігерді, шыдамдылықты, төзімділікті, мақсаткерлікті талап етеді.
  • Физикалық– оқушылардың оқу шеберханалары мен мектеп жанындағы шекарадағы жұмыстарында ұсынылған.
  • Қоғамдық пайдалы – әрбір оқушы мен бүкіл ұжымның мүддесіне қарай ұйымдастырылады: мектепте және үйде өзіне өзі қызмет көрсету еңбегі, тұрмыстық еңбек, мектептегі өсімдіктерге күтім жасау және т. б.
  • Өндірістік – өндірістік қарым-қатынастың бастапқы кезеңі болып табылады және материалдық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбиелеу тәсілдері:

  • іс-шаралар: еңбек десанттары, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкелері, байқаулар, көрмелер, үздік модельдер, аспаптар, көрнекілік құралдарды дайындауға арналған конкурстар және т. б.;
  • кәсіби сынақтар: балалар өздерін кейбір мамандықтарда «сынайды»;
  • үлгі көрсету: еңбек мерекесі, қолөнері көрмесі, жалпы тазалау, гуманитарлық көмек, мектепті көгалдандыру және абаттандыру, шеберлер турнирі;
  • ата-аналармен жұмыс: ата-аналар жиналысы, ата-аналарға жаднамалар тарату (1-қосымша), сауалнама алу, ата-аналар клубы аясында кездесулер ұйымдастыру.

Еңбекке баулуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары

Сәттілік шарттарды сақтауға байланысты:

  • оқу, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек мақсаттарын өзара үйлестіру арқылы қол жеткізілетін оқу-тәрбие міндеттеріне балалардың қызметінің бағыныстылығы;
  • оның қоғамдық маңыздылығының оқушының жеке қызығушылықтарымен үйлесімі (оның мәнін түсіндіру оқушыларға олардың жасын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырылады);
  • қолжетімділігі мен  қарымдылығы (осы шартты сақтау дене жүктемелерінен арылтады, тапсырмаларды шамасы мен қабілеттеріне сәйкес таңдауды талап етеді);
  • жүзеге асырудың саналы талапкерлігі (мұғалімнің міндеті – бастаған ісін аяғына жеткізу тілегін қолдау, жүйелі түрде және тепе-тең жұмыс істеуге баулу);
  • ұжымдық және жеке формаларын үйлестіру (бір жағынан, балалардың топтағы, командадағы серіктестігі қажет, басқа жағынан – әрбір мүшесінің нақты тапсырмасы болуы тиіс, және ол оны орындай білуі, орындалу сапасы мен уақытына жауапты бола білуі қажет).

Еңбекке баулу шығармашылық белсенділік пен оқу қызметі нәтижелілігінің, тұлғаның азаматтық және адамгершілік қалыптасуының іргетасын құрайды.

Кәсіптік бағдарлау – оқушылардың өзін өзі анықтауына көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық шаралар жүйесі. Дұрыс таңдалған мамандық адамның қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сай келеді, оның икемділігімен толық үйлесімділікте болады. Мұндай жағдайда ол қуаныш пен қанағаттанушылық сыйлайды.

Оған кіретіндер:

  • Кәсіптік ағартудың мақсаты оқушыларға әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктер, қандай да бір мамандықтың психофизиологиялық талаптары туралы белгілі білімді хабарлау болып табылады.
  • Кәсіптік диагностиканы мамандар әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып, әрбір нақты адамға қатысты жүзеге асырады. Кәсіптік диагностика барысында адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері, оның денсаулық жағдайы, қызығушылықтары мен мотивтері, құнды бағдарлары, мамандық таңдау себептері зерттеледі.
  • Кәсіптік кеңес беру көмек көрсетуден, мамандардың (психологтардың, дәрігерлердің, педагогтердің) кеңестерінен, адамның мамандыққа және оның тұлғалық-психологиялық ерекшеліктеріне қоятын талаптары арасында сәйкестік орнатудан тұрады.
  • Кәсіптік іріктеу тұлғаға мамандықтар әлемінде таңдау еркіндігін беруге бағытталған.
  • Кәсіптік бейімдеу – кәсіптік қызметке араласу үдерісі, өндіріс жүйесіне, еңбек жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімделу.

Мектепте кәсіптік бағдарлау жүргізу көбіне оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Бастауыш мектеп кезеңінде оң көзқарас қалыптасады, қоғам үшін еңбектің маңыздылығы мен қажеттілігі, оның күші мен сұлулығы ашылады, адамдарға пайдалы болу сұранысы қалыптасады.

Орталау мектеп сатысында өмірлік жолды таңдаудың ізгілікті негіздері ашылады, оқушылар еңбек қызметінің нақты түрлерімен танысады.

Аға буында оқушылардың кәсіби қызығушылықтары барынша сараланған, саналы.

Еңбекке баулу жоспары

Іс-шаралар

Мерзімдері

Жауаптылар

1

Оқушылар мен ата-аналарға сауалнама жүргізу  (2 және 3 қосымшалар)

22–26 сәуір

Сынып жетекшілері

2

«Мен және мамандық» тренингі

30 сәуір

Мектеп психологы

3

Қала кәсіпорындарына экскурсия

2–10 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

4

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі

13–17 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

5

Қалалық қоғамдық көліктің үздік үлгісін дайындау конкурсы

12 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

6

Сынып сағаттары: «Кім боламын?», «Мамандықтардың ең үздігі», «Еңбек мейрамы»

2–22 мамыр

Сынып жетекшілері

7

Ұлдар арасындағы шеберлер турнирі

6 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

8

Қыздар арасындағы «Шебер қолдар» конкурсы

13 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

9

Мектеп шекарасын көгалдандыру

Ай бойы

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

10

Суреттер көрмесі

20-24 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

11

Қорытынды шығару

27 мамыр

ТІ жөніндегі орынбасары

Оқушы қызығушылықты қолдауы және бағыттауы тиіс. Еңбекті басты дамытушы функциясы – өзін өзі бағалаудан өзін өзі тануға ауысуы. Сонымен қатар, үдерісте қабілеттіліктер, машықтар мен дағдылар дамиды. Еңбек қызметінде ойлаудың жаңа түрлері қалыптасады. Оқушы ұжымдық қызметтің нәтижесінде жұмыс істеу, араласу, серіктестік машықтарын игереді, ол баланың қоғамға бейімделуін жақсартады.

Еңбек мәдениетін тәрбиелеу оқушылардың экологиялық, адамгершілік тәрбиесін тереңдетеді, эстетиканы дамытуға жағдай жасайды. Төменгі сынып оқушыларының аспаптарға, жеке заттарына, мектеп мүлкіне, қоғамдық мүлікке деген ұқыпты қатынасы қалыптасады. Бұл қатынастар ұқыптылықта, тәртіптілікте, мұқияттылықта көрініс табады.

Нәтижесі – оқушылардың мынадай қасиеттері қалыптасады:

  • шыдамдылық;
  • тырысу;
  • мұқияттылық;
  • әділдік;
  • адалдық;
  • ұйымшылдық;
  • мақсаткерлік;
  • еңбексүйгіштік;
  • тәртіптілік;
  • сыншылдық.

Еңбек барысында еңбек қызметінің субъектісі ретінде өзіне қатысты туындайтын қарым-қатынас төменгі сынып оқушыларының сенімділігін, жауапкершілігін оятады.

Еңбек қызметі оқушылардың күш-жігері мен қабілеттіліктерін өз бетімен тәрбиелеу мен дамытуды қамтамасыз етеді, олардың дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастырады, бұл ретте баланың мен-тұлғасы қалыптасуының факторы болып табылады.

1-қосымша

Ата-аналарға арналған ұсыныстар

  • Ешқашан өзіңізді еркінсітпеңіз, ашулануға, ұрсысуға, бір-біріңізді және баланы балағаттауға мүмкіндік бермеңіз.
  • Жаманды бірден ұмытыңыз. Жақсыны ешқашан ұмытпаңыз.
  • Балалар мен жақындарыңыздың іс-қимылындағы жақсы тұстарын, олардың жетістіктерін айтып отырыңыз, баланың үздік болуға деген ұмтылысын қолдаңыз.
  • Жағымды үлгілермен тәрбиелеңіз, балаларды пайдалы іске тартыңыз.
  • Баланың кері сезімдерін көрсетуіне мүмкіндік бермеңіз, оған жиі былай деңіз: «Үлкендер олай істемейді!», «Мен сенен осыны күткен емеспін!»
  • Балаға ұрыспаңыз, керісінше оған кері іс-қимылымен, нашар әрекеттерімен өзіне және айналасындағыларға қандай зиян тигізетінін көрсетіңіз.
  • Баламен ересектерше сөйлесіңіз: байсалды, құрметпен, маңызды дәйекпен.

2-қосымша

Оқушыларға арналған сауалнама

  • Сен үй жұмысын қуана орындайсың ба?
  • Сенің жанұяңда тұрақты міндеттерің бар ма? Ол қандай?
  • Сен оны ынтамен орындайсың ба?
  • Саған үйде не істеген ұнайды?
  • Егер сен тапсырылған істі орындамасаң, ата-аналарың сені жазалай ма?
  • Сен қандай да бір жұмысты ата-анаңмен бірге жиі орындайсың ба?
  • Саған ата-аналарыңмен бірге жұмыс істеген ұнай ма? Неліктен?
  • Сен ата-әжеңе көмектесесің бе?
  • Сен қалай ойлайсың, үй жұмысы – бұл қиын іс пе?
  • Соңғы үй тапсырмаларының қайсысы сен үшін жаңа әрі ерекше болды?
  • Сен болашақта ата-анаңның қайсысының мамандығын меңгеретін едің?

3-қосымша

Ата-аналарға арналған сауалнама

  • Сіздің балаңыз еңбек еткенді жақсы көре ме?
  • Баланың отбасында өзіндік міндеттері бар ма?
  • Ол өзінің міндеттерін орындауға қалай қарайды?
  • Сіз баланы өз міндеттерін орындағаны үшін марапаттайсыз ба?
  • Егер ол өз міндеттерін орындамаса, оны жазалайсыз ба?
  • Бірлескен жұмысқа тартасыз ба?
  • Сіздің балаңыз қаншалықты ұзақ уақыт бойы еңбек етеді?
  • Сіз баланың үй тапсырмасын орындауын бақылайсыз ба?
  • Отбасында еңбек тәрбиесіне қатысты келіспеушіліктер бар ма?
  • Сіз өз балаңыз үшін қандай еңбекті таңдайсыз?
  • Сіз баланың сыныптың еңбектік өміріне араласуына қызығушылық танытасыз ба?
  • Сіз өз балаңыздың сынып пен мектептің еңбегіне араласуы қажет деп санайсыз ба?

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"  журналы

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ