text
MCFR.KZ Образование

Зайцев текшелері оқыту әдістемесі

  • 10 октября 2018
  • 2205
Зайцев текшелері оқыту әдістемесі
Зайцев текшелері оқыту әдістемесі

Н. А. Зайцевтің әдістемесін мамандар (физиологтар, медиктер, психологтар) табиғи, денсаулық сақтаушы әртүрлі балалар тобының жекелеген ерекшеліктерін, сондай-ақ психофизикалық даму ерекшеліктерін ескеретін әмбебап-бейімдеуші болып сипатталады.


Зайцевтің текшелері бойынша оқуға баулуда сабақтарды қозғалыссыз отырып және күрделі теоретикалық анықтамаларды тыңдап өткізудің қажеті жоқ, ол көбіне кіші жастағы мектеп жасына дейінгі балаларға қиынға соғады. Барлық сабақтар ойынмен, қимылмен жүзеге асырылады, сондықтан да текшелердің пішіні сабақтарға әдеттен тыс сабаққа жарамды.

Мақсаты – сөздерді еріксіз, жылдам, сенімді есте сақтауды қамтамасыз ету, мектепте және алдағы өмірінде ары қарай грамматиканы меңгеруге арналған тәсілді игеруге көмектесу.

Тіл бірлігі дыбыс, әріп немесе буын емес,  ал құрылым – дауыссыздың немесе дауыстының немесе айыру белгісі мен жіңішкелік белгісінің жұбы, әлде бір әріп.

Мысалы:

  • бауырсақ;
  • айырма.

Құрылым бойынша оқу қағидатын бала кітаптан да, карточкадан да көрмейді, керісінше текшелерден көреді.

Жинақта 52 текше (оның жетеуі қайталанады), олар балаға барынша жақын ә-ке, а-на сөздерін құрастыруға арналған, әсіресе алғашқы кездерде.

Текшелер

  • үлкен және кішкене (әртүрлі түсті);
  • біртекті;
  • қосарланған (бір-біріне жапсырылған дауыссыздармен, барлық дауыстылармен үйлеспей «достаспайтындар»);
  • алтын (сылдырлайды);
  • сары-алтын (сыңғырлайды);
  • ағаш-алтын (дүмпілдетеді) болып бөлінеді.

Дыбыстар балаларға дауысты және дауыссыз, ұяң және қатаң дыбыстардың арасындағы айырмашылықты сезінуге көмектеседі.

Әріптер түсі әртүрлі текшелерде:

  • дауыстылар – көгілдір;
  • дауыссыздар – көк;
  • жіңішкелік және айыру белгілері – жасыл.

Оқыту блоктарды құрастыруды қолдана отырып, талдамалы-синтетикалық әдістің негізінде жүргізіледі, көңілді әрі қызықты ойын түрінде өтеді. Текшелер мен кестелер әндетіледі. Аудиожазбада әліпби кестесінің бағандары мен жолдары баянның және балалайканың сүйемелдеуімен 35 танымал халық әуендеріне салып әндетіледі.

Ырғақты айту, әндету, музыкалық сүйемелдеу жадыға әсер етудің мықты құралдары болып табылады. Зайцевтің текшелері 3 сенсорлық салаға қатысты: есту, көру және тактильдік.

Нәтижелері

  • Сөз таза әрі анық болады.
  • Сөз байлығы артады.
  • Логикалық ойлауы қалыптасады.
  • Өз бетімен жұмыс жасау, қажетті білімді алу машығы дамиды.

★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ★

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі STEAM-оқыту мүмкіндіктері
Зайцев текшелері оқыту әдістемесі

Л. В. Подобинская

педагогика магистрі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
STEAM әдістемесінің балаларға жаңалықтарды өз бетімен ашу мүмкіндігін беретіндігі тартымды. Аталмыш STEAM-біліктіліктер (жоғарыда аталған білім салаларының аясындағы негізгі дағдылар) қызықты практикалық сабақтардың көмегімен дамиды, олар балалардың білуге құмарлығын оятады, балаларға сыни ойлауды үйретеді, ал STEAM білім беру салалары зерттеу мен еркін шығармашылық үшін көптеген мүмкіндіктер береді.

«Зайцев текшелері» технологиясы

5 жасар балалардың 1 оқу жылына арналған.

Бағдарлама:

  • кестемен, текшелермен танысу;
  • аудиожазбалалармен жұмыс машықтарын игеру;
  • дамыту және оқыту ойындарының негізінде жалпы ойлауын дамыту;
  • текшемен жұмыс істеу қағидалары.

Міндеттері:

Машықтарды қалыптастыру

Дамыту

  • білімді (ойдың нақтылығы мен айқындылығы оңтайландырылады);
  • зейінді, жадыны;
  • білуге құмарлықты, танымдылықты, әртүрлі жағдайдан шығу жолын табу қабілеттілігін;
  • сенсорлық машықтарды (дауыстылармен, дауыссыздармен, қатаң, ұяң дыбыстармен танысу).

Білім беру әдістері:

  • әртүрлі пән сабақтарында ойындарды қолдану;
  • логикалық ойлау элементтерін дамыту;
  • сауаттылыққа баулу;
  • әңгімелеу;
  • әңгіме құрастыру машығы.

Сабақтар 3 кезеңмен 30 минут ұзақтықта кіші топтарда өткізіледі.

Түрі

Мазмұны

Уақыты (минут)

Дайындық

Сабаққа, әңгімелесуге дайындық

10

Негізгі

Дербестік тәсілін меңгеру

15

Қорытынды

Көру және физикалық шиеленісті басу

5

       5–6 жасар балалардың жадысын, зейінін, ойлауын, логикасын дамытуға арналған ойындар

  • «Сиқыршы» – әртүрлі командадан екі баланы шақыру. Кім жылдам буынды тауып, ол сөзді өзге әріптердің көмегімен ауыстырады. Мысалы: ат, жат, хат.
  • «Текшемен немесе таяқшамен ойын» – бір бала кестедегі кез келген сөзді атайды, ал басқалары жауабын табады және жазады.
  • «Картиналар көрмесі» – картина бойынша сөз құрастырады.
  • «Кіші іздеуші» – балалар ертегіні оқығаннан кейін текшелермен кейіпкерлердің есімдерін жазады.
  • «Қызықты математика» – геометриялық пішіндерді құрастырады.

Әдістемедегі бастысы – сөз құрастыру, ойнау, тапырлату, қол шапалақтау, ән айту мүмкіндігі.

Әдістеме бойынша жұмыс нәтижелері:

  • қалалық ашық сабақтар;
  • балалар жұмыстарының көрмесі.

Балалардың жетістіктері:

  • дұрыс айту;
  • сөз байлығын арттыру;
  • байланысты сөйлеуді жетілдіру;
  • шағын әңгімелер құрастыру машығы.

Бала білімін бақылау және тексеру

Зайцев текшелері оқыту әдістемесі

Жүктеу: Кесте 1 DOC файл

Әдістемелік кеңесте балалар білімдерінің үшайлыұ срездері қарастырылады және талқыланады (XI, II, V), дәптерлер тексеріледі, жылдық білім сапасына талдау жасалып, мониторинг өткізіледі.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері»

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты