text
MCFR.KZ Образование

Домбыраның ғажап үні

  • 11 июля 2018
  • 69
Домбыраның ғажап үні
Домбыраның ғажап үні

Біріктірілген сабақ.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:
Мақсаты
  • Балаларды қазақ халқының музыкалық мұрасымен таныстыруды жалғастыру; оларды «Ақсақ құлан» аңызымен және күйімен таныстыру; аңыздың негізінде домбыраның халық өміріндегі мәнін ашу; домбыраның құрылысы туралы білімді бекіту. 
  • Фонематикалық және музыкалық есту қабілетін, қиялын, зейінінің тұрақтылығын, ұзақмерзімдік жадысын, эмоционалдық елгезектікті, қимылдардың үйлесімділігін дамыту; тыңдаған туынды туралы өз пікірін жеткізу машығын, музыканың ерекшелігі бойынша туындыларды ажырату және салыстыру машықтарын дамыту. 
  • Халық аспаптарына деген қызығушылығын, халық музыкасына деген құрметі мен құнды көзқарасын тәрбиелеу.

Алдын ала атқарылатын жұмыстар

  • Домбыраның бірнеше түрін қарастыру, оның аудиожазбадағы дауысын тыңдау.
  • Орындаушымен кездесу, жанды музыка тыңдау.
  • «Саусағынан өнер тамған шебер» бейнефильмін қарау.
  • И. Нүсіпбаевтың «Домбыра сазы» атты әнін жаттау.
  • «Домбыра ойнады» музыкалық ойыны мен домбыра туралы өлең жаттау.
  • Балалардың домбыра туралы жұмбақ шығаруы.
  • Құрманғазы Сағырбайұлының «Ақсақ құлан» атты күйін тыңдау.
  • «Дауысынан таны», «Қажетті карточканы көрсет» дидактикалық ойындарын өткізу.

Сабаққа арналған материал: «Ақсақ құлан» аңызына иллюстрациялар, Қ. Сағырбайұлының «Ақсақ құлан» және «Сарыарқа» атты шығармаларының аудиожазбалары, домбыра, балалардың саны бойынша қызыл және жасыл карточкалар («Түсін тап» дидактикалық ойынына арналған).

Сабақ барысы

Балалар фонограмманың сүйемелдеуімен (Қ. Сағырбаевтың «Балбырауыны») залға кіріп, орындықтарына отырады.

Музыка жетекшісі (бұдан әрі – МЖ). Балалар, мен сендермен музыкалық шаңырақтың астында қайта қауышқаныма қуаныштымын. Бүгін бізді көптеген қызықты әрі сиқырлы нәрселер күтіп тұр. Мен сендердің музыка тыңдағанды ұнататындарыңды білемін. Сондықтан бізге қонаққа аспап келді, ал оның қандай аспап екенін сендер жұмбақты шешкенде білесіңдер.

Қос желі, үш жерінен қазығы бар,

Құбылған қоңыр желден азығы бар.

Желіні сабалайды дыңылдатып,

Байғұстың соншама не жазығы бар.

Осы музыкалық аспап қалай аталады?

Балалар. Домбыра.

МЖ. Дұрыс. Домбыра – қазақ халқының сүйікті музыкалық аспабы. Балалар, ал сендер осы аспап туралы не білесіңдер, әңгімелеп беріңдерші.

Балалар. – Домбыра – ең көп таралған қазақ халық аспабы.

– Домбыраны кез келген қазақ үйдің төрінен көруге болады.

– Ол қазақ халқының өміріндегі ең қажетті заттардың қатарына жатады.

– Күйші-домбырашыларды өте қатты құрметтеген, оларды мерекелерге шақырып, ең сыйлы орынға отырғызған.

– Домбырамен күй орындайды.

МЖ. Балалар, домбыраға қараңдаршы. Оның құрылысын қарастырайық. Оның мойыны, құлақтары, ішектері, тиегі, пернелері, ойығы бар.

Ал ойық қайдан пайда болды? Білмейсіңдер ме? Олай болса «Ақсақ құлан» деп аталатын аңызды тыңдаңдар.

«Ақсақ құлан» аңызы

Ерте заманда ұлан-ғайыр қазақ жерінде Кетбұға есімді жырау өмір сүріпті. Ол керемет әуендерді дүниеге әкеліпті және оны өзі домбырада тамаша орындапты.

Бірақ, бірде қазақ жерін шегіртке секілді Шыңғыс ханның сансыз әскерлері жаулап алыпты, олар қалаларды күлге айналдырып, ауылдарды жермен-жексен етіпті, ал қарсылық көрсеткендерді аяусыз өлтіріпті.

Шыңғыс ханның өзінен аумай қалған Жошы атты ұлы болыпты. Жошы аң аулағанды жақсы көріпті. Сол кездері қазақ жерінде алтын түстес құландар – жабайы жылқылар көп болыпты. Бірақ, қатыгез Жошының оғы дәл тиетін. Байғұс жануарлар осы қарша бораған оқтың астында қалды. Ал ханның ұлы осы көріністен ләззат алғандай.

Бірде Жошы қодығымен бірге жайылып жүрген Ақсақ құланды көреді. Жеңіл олжаны көрген ханның ұлы оларды қуа жөнеледі. Ақсақ құлан қатты шабады, бірақ оның қодығы оның артынан ілесе алмайды, сөйтіп оған оқ тиіп мерт болады. Ақсақ құлан ханның ұлына қарай құйындай жүйткіп, оны аттың үстінен құлатып түсіреді. Бұл Жошының соңғы рет аңға шығуы еді.

Шыңғыс хан өз ұлын ұзақ күтті, бірақ ол қайтып оралмайды. Осыдан кейін хан өзінің уәзірлерін баласын іздеуге жібереді, ол: «Егер кімде-кім маған қаралы хабар әкелсе, соның көмейіне қорғасын құямын», – дейді. Ханның уәзірлері жолсыз далада Жошыны ұзақ іздейді, сөйтіп әбден шаршап-шалдыққанда Жошының жансыз денесін көреді. Ханның нөкерлері қатты қорқады. Енді не істейміз? Қаралы хабарды ханға жеткізуге ешкімнің батылы жетпейді.

Олар кенеттен алыстан мұңды әуенді естиді. Бұл өз халқының ащы тағдырын жырлап отырған Кетбұға жырау еді. Ханның нөкерлері қатты қуанады! Міне, оларды құтқаратын адам табылды! Сөйтіп олар Кетбұға қорқытып, Шыңғыс ханға баласының қазасын естіртуге мәжбүрлейді.

Кетбұға ханның қаралы хабарды жеткізушіні жазалайтындығын білсе де амалсыздан көнеді. Қатулы хан күтіп отыр. Кенеттен Кетбұғаның домбырасы ойнай жөнеледі. Ол ханның зұлымдықтарын, халқының мұңын жырлай келе, әкесінің қатыгездігі үшін баласының қандай қасіретке душар болғанын хабарлайды.

Шыңғыс хан ұлынан айырылғанын түсінеді.

Ашулы хан былай деп айғайлайды: «Қодығынан айырылған құлан секілді мен де ұлымнан айырылдым. Оның көмейіне қорғасын құйыңдар!».

– О ұлы хан, менің жазығым не? Мен бірде-бір сөз айтқан жоқпын ғой? – деп қарсылық білдірді Кетбұға.

Хан ойланып қалды: ол берген сөзінде тұруы тиіс қой. Сөйтіп хан домбыраны жазалауды бұйырады, сөйтіп жендет оның дауысын мәңгіге өшіру үшін оған балқытылған қорғасын құяды.

Осы кезден бастап халық арасында құйындай жүйткіген Ақсақ құлан мен домьыра туралы аңыз өмір сүруде, ол шындық үшін жапа шексе де, өз әуенімен еркіндікке деген сүйіспеншілікті насихаттауын жалғастыруда.

Қазір мен шығарманың мазмұнын әңгімелеп беремін, ал осыдан кейін Қазақстан Республикасының халық әртісі Қошқарбек Тасбергеновтың орындауында «Ақсақ құлан» күйін тыңдаймыз.

Шығарманың басында күйші аттың шабысын ерекше шеберлікпен бейнелейді. Хан өзінің ұлын ерекше алаңдаушылықпен күтеді. Бірақ, дәл осы кезде күйші екінші дауыспен орындалатын оқиғаның қайғылы сәтін бейнелеуге көшеді: домбыра зарлайды, жылайды. Үміт ауыр қайғыға ұласты. Күйші құланның табынын көрген хан ұлының қуанышын, қамыстың сыңсыған ызыңын, шауып бара жатқан құландардың тұяғының дүбірін бейнелейді. Осылайша, жырау күйдің шарықтау шегіне де жетеді, енді домбыра ашынған дауысқа, адамның соңғы деміне ұқсайтын дыбыс шығарады. Ал осыдан кейін жырау қайғылы оқиғаның бастапқы тақырыбына қайтып оралады, ол енді үнсіз қайғыға ұласып, ханның көз алдына осы өмірмен қоштасып жатқан жанның бейнесін елестетіп, баяу ноталармен аяқталады...

Міне, ханның ұлы тап болған қайғылы жағдайды қазақты қасиетті қара домбырасы осылай баяндап береді. Ал домбыраның шанағындағы ойық оның дауысын барынша қаттырақ әрі әдемірек ете түсті.

Енді ән айтып, би билейік. «Домбыра ойнайды» әндетуі. Теперь давайте распоемся и подвигаемся. Попевка «Заиграла домбра».

«Үзіндісі бойынша таны» дидактикалық ойыны

Балалар, өздеріңе таныс үзіндісін тыңдап, оның авторының есімі мен туындының атауын атаңдар. (Қ. Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйі ойнайды).

Балалар. – Бұл халық композиторы Құрманғазының күйі ғой.

 – Музыкалық шығарма «Сарыарқа» деп аталады.

МЖ. Жарайсыңдар, балалар. Ал енді осы музыканың сипаттамасы қандай екенін айтыңдаршы?

Балалар. – Көңілді, қуанышты, сергек, жалынды.

 – Ол энергия мен қуанышты сезімге толы.

МЖ. Ал «Сарыарқа» және «Ақсақ құлан» күйлерін салыстырып көрейік. Егер «Сарыарқа» көңілді болса, «Ақсақ құланның» музыкасы қандай?

Балалар. «Ақсақ құлан» күйі үрейлі әрі қайғылы.

«Түсін таңда» дидактикалық ойыны

МЖ. Қазір мен сендерге екі-екі карточкадан таратамын: қызыл және жасыл. Сендер қай музыкалық туындыны қызыл түспен, ал қайсысын жасыл түспен белгілер едіңдер?

Балалар. «Ақсақ құлан» күйін қызыл түспен белгілейік, себебі ол үрейлі әрі қайғылы.

МЖ. Ал қай туындыны жасыл түспен белгілер едіңдер?

Балалар. «Сарыарқа» күйін жасыл түспен белгілейміз, себебі ол көңілді әрі қуанышқа толы.

МЖ. Енді аталған шығармалардың үзінділерін мұқият тыңдап, қажетті карточканы көрсетіңдер.

Балалар аталған туындылардың үзінділерін тыңдайды және сәйкес карточкаларды көрсетеді.

МЖ. Біздің бүгінгі сабағымыз қазақ халқының сүйікті музыкалық аспаптарының бірі – домбыраға арналды. Сабағымыздың соңында «Домбыра сазы» (музыкасы И. Нүсіпбаевтікі, сөзі Х. Талғаровтікі) әнін бірге орындауды ұсынамын. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться