MCFR.KZ Образование

Инклюзивті білім беру

  • 23 января 2019
  • 7812
Инклюзивті білім
Инклюзивті білім беру

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелерін шешу – инклюзивті оқытуға арналған бағдарлама.

Инклюзивті білім беру

Білім беру ұйымында «ерекше» балаларды біріктіру – арнайы білім беру жүйесін дамытудың заңды кезеңі. Ол қоғам мен мемлекеттің экономикалық, мәдени, құқықтық дамудың белгілі деңгейіне қол жеткізген әлеуметтік тапсырыс ретінде белгілеуге болатын әртүрлі сипаттағы себептерге байланысты туындады.

Бұл кезең мүгедектерге деген көзқарасты қайта қарастырудан, олардың тек тең құқықтығын ғана емес, сонымен қатар осындай адамдарды өмірдің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім беру саласында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету міндеттерін түсінуіне байланысты.

Мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – МШ) балалардың мәселелерін шешу инклюзивті оқытуға арналған бағдарлама.

Инклюзивті білім беру – әртүрлі мұқтаждықтарға бейімделу тұрғысынан барлығы үшін қолжетімділікті болжайтын жалпы білім беру саласын дамыту үдерісі, бұл сұраныстары ерекше балалардың оқуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Ол барлық оқушылардың балабақшаның, мектептің, институттың, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық араласуына мүмкіндік береді.

Қолжетімді мектеп құру мен бірлесе оқу («енгізілген» немесе «инклюзивті» білім беру) МШ балалардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың дербестігі мен тәуелсіздігіне ықпал етеді және қоғамдық пікірді өзгертеді, қоғамның толыққанды азаматы ретінде оларға деген қарым-қатынасты қалыптастырады.

Білім берудің осындай тәсілінде баланы білім беру ортасына емес, керісінше білім беру ортасын балаға бейімдеуге (лайықтауға) баса назар аударылады. Оқу үдерісі барынша ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Енгізілетін білім беру келесі ұстанымдарға сүйенеді:

  • Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес.
  • Әркім сезінуге және ойлауға қабілетті.
  • Кез келген адам араласуға және өзін тыңдатуға құқылы.
  • Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж.
  • Тек шынайы қарым-қатынастар мәнмәтінінде нағыз білім беруге болады.
  • Балалар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж.
  • Барлық оқушылар үшін ілгерілеушілік олардың нені істей алмайтындығына емес, керісінше нені істей алатындығына байланысты.
  • Жан-жақтылық адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.

Инклюзивті білім беру тәжірибесі қиындықтар мен бірқатар мәселелерді айқындады, олар баланың, оның жанұясы мен оның айналасындағылардың мәселелеріне қатысты. оларды шешу үшін әртүрлі аспектілерді ескеру керек.

★ ТҮЗЕТУ ПЕДАГОГИКАСЫ ★

«Түзету курсы» пәні бойынша жұмыстық оқу бағдарламасы
Инклюзивті білім беру

Ю. В. Антипина

«Қостанай тұрмыстық сервис колледжі» КМҚК педагог-психологы, Қостанай қ.

Бағдарлама:

  • 27.07.2007 ж. «Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ақыл-ойы артта қалған (зияткерлік бұзушылықтарымен) балалар үшін және психикалық дамуы тежелген балалар үшін топтарда оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты жүзеге асыру бойынша;
  • техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарындағы түзету топтарында жұмысты ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға және кәсіби дайындықтың жалпы білім беретін арнайы бағдарламасының оқу жоспарының үлгісіне сәйкес әзірленді

Бала дамуының жеке траекториясы

(мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі)

Баланың даму тарихының ерекшеліктері:

  • тұқым қуалайтын аурулар;
  • алғашқы кемістіктің ауырлық деңгейі;
  • қосымша ауытқушылықтардың болуы;
  • қосалқы диагноздар;
  • ауырлатушы факторлар (күйзелісті жағдайлар).

Мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасының ерекшеліктері:

  • әлеуметтік мәртебесі;
  • қарым-қатынас стилі;
  • туғандарының баланың қиындықтарына көзқарасы және дамуындағы ауытқушылықтар фактісін қабылдауы;
  • дамуындағы ауытқушылықтарды ерте анықтау және отбасыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Мұндай балалар тұлғаға, оның тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған ерекше тіл табысуды талап етеді. Олардың денсаулығына қатысты қиындықтарға қарамастан оларға жақсы білім беріп, заманауи қоғамда дені сау адамдармен тең дәрежеде өмір сүру мен жұмыс істеуге баулу қажет. 

Оқу бағдарламасын құру ұстанымдары:

  • барлығына жарамды;
  • оқушы мүмкіндіктерінің ауқымды ортасына бейімделген;
  • оқытудың жеке ерекшеліктерін қабылдағаны мен құрметтейтіндігін жеткізу тәсілі;
  • бағдарламаның барлық құрамдас бөліктері мен сыныптағы қалыпты жағдайға жарамдылығы;
  • оқу үдерісіне тартылған қызметкерлердің ерекше назары мен қамқорлығы;
  • оқушының жетістігін арттыру.

Жалпы білім беретін мектептерде МШ балаларға жайлы жағдай жасау үшін  ұжымдағы психологиялық жағдай мен құрдастар мен ересектердің игілікті қарым-қатынасы маңызды болып табылады. Тең құқықтық ұстанымы мен білім алу мүмкіндіктері енгізудің әдіснамалық базасы болып табылады. Бұл ретте біріктіру екі формада жүзеге асырылады:

  • әлеуметтік МШ баланың әлеуметтік қарым-қатынастар мен әрекеттестіктің ортақ жүйесіне бейімделуін болжайды, ең алдымен ол ықпалдастырылатын білім беру ортасының аясында.
  • педагогикалық (оқыту) – балалардың жалпы білім беретін бағдарламамен анықталатын оқу материалын меңгеру қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Мектеп қызметтік қағидалары

  • Мектеп қоғамында оқушылар тең.
  • Барлығы күні бойы білім алуға тең мүмкіндіктер жасалған.
  • Барлық оқушылар үшін маңызды әлеуметтік байланыс орнату және оларды дамыту үшін тең мүмкіндіктер берілуі тиіс.
  • Тиімді оқытуды жоспарлау және өткізу.
  • Педагогтер мен мамандар енгізу үдерісін, яғни құрдастар арасындағы әлеуметтік ықпалдастықты жеңілдететін стратегиялар мен рәсімдерге машықтанды.
  • Бағдарлама әр оқушының сұранысын ескереді.
  • Отбасы мектеп өміріне белсене араласады.

Инклюзивке кедергі келтіруші факторлар:

  • заңнамалық базадағы, сонымен қатар МШ балаларды әлеуметтік қолдау жүйесіндегі кемшіліктер;
  • мемлекеттік білім беру бағдарламаларының жоқтығы;
  • әлсіз қаржыландыру;
  • білім беру ұйымын қажетті материалдық-техникалық қамтудың жеткіліксіздігі (балалардың церебральді сал ауруына шалдыққан балаларға бейімделген оқу үстелдері, нашар көретін балаларға арналған ірі қаріппен жазылған оқулықтар және т. с. с.);
  • білікті мамандардың жетіспеушілігі: түзету педагогтерінің (педагог-дефектологтардың), арнайы психологтардың, тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтердің.

Нәтижесі

  • Жалпы білім беру үдерісінің барлық шараларына мәнді, белсене және тұрақты қатысу мүмкіндігі.
  • Бейімделу мәжбүрлі емес және таптаурындардың қалыптасуына ықпал етпейді.
  • Іс-шаралар оқушыны енгізуге бағытталған, бірақ ол үшін барынша күрделі.
  • Жеке көмек оқушыны алыстатпайды және оқшауламайды.
  • Орта және арнайы оқыту педагогтері сабақты жоспарлау мен өткізуде міндеттері бөледі.
  • Тиімділікті бағалау рәсімдері бар.

Инклюзивті білім беру кемсітушілікті жоюға септігін тигізеді және сұраныстары ерекше балаларға жалпы қоғамдастықтар мен қоғамның тең құқылы мүшесі болу құқығын қолдайды.

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться