text
MCFR.KZ Образование

Қазақ халық аспаптары туралы аңыздар

  • 11 июля 2018
  • 2660
Қазақ халық аспаптары туралы аңыздар
Қазақ халық аспаптары туралы аңыздар

Музыканың, әннің тылсым, ғажайып сыры туралы халық аңыздары көне заманнан біздің заманымызға дейін жетті. Көкте әуелеп жүрген құдыретті ән көшпенді қазақтардың кең даласынан ұшып бара жатып, жерге қонғандығы осы аңыздарда баяндалады, себебі әсем әнді естіген халық табиғатынан ерекше музыкалық қабілеттер мен дарынға ие.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Қазақ халық музыкалық аспаптары

Домбыраның ғажап үні

Қазақтардың музыка мәдениеті


Халықта тағы мынадай аңыз бар: «Жаратушы әрбір қазақтың жанын туылған сәтінен бастап ерекше күйге бөлеген». Сырттан келген, қазақтардың XVII–XIX ғғ. тұрмыс-тіршілігін «сырттан» бақылаған адамдардың біздің халқымыздың шығармашылыққа, қарқынды музыкалық-поэзиялық суырыпсалмалыққа айқын қабілеттілігін, бүкіл халықтың – бесіктегі баладан қарттарға дейінгі буынның    музыка саласына деген ерекше әуестігін ерекше таңданыспен әрі сүйсінушілікпен атап өткен.  

Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы әрбір жыныстық-жастық қауымның музыкалық аспаптары мен жанрларының сәйкес жиынтығы, репетуары мен орындаушылық формалары болды. Балаларды сазды аспаптарда – сазсырнайда, тастауықта, үскірікте ойнағанды ермек еткен, олар шебердің немесе баланың «қолынан» жарқын бейнеленген және жалтыраған әшекейлермен жалатылған жануарлардың, құстардың, балықтардың, көпбасты аттардың ғажайып бейнелеріне енген. Балалар қоршаған ортаны балалар әні мен музыкалық ойындарды орындау арқылы, ананың бесік жыры мен ересектердің өсиет өлеңдерін тыңдау арқылы таниды және осы арқылы өзінің әлеуметтік-мәдени қоғамының толық құқықты мүшелеріне айналды.

Домбыра

Қазақтар көшпенді өмір салтын ұстанды және жол-жөнекей оларға үлкен аспаптар кедергі келтірді, сондықтан барлық ұлттық музыкалық аспаптар көп орын алмаған. Халықтың жыршы-ақындары ауыл-ауылды аралап жүрген, олар келген ауылына өздерімен бірге қуаныш пен шаттық ала келген. Ақын келген жерде қайғы-мұң жойылып кеткен.

Гость радуется песенному гулу,

Не ведая ни грусти, ни хандры.

У нас, дружок, не сыщешь ни аула,

Ни даже дома без домбры!

Ақындар домбырамен аңыздарды орындаған, кейін олар қазақтың байтақ жеріне таралған. Домбыра туралы әртүрлі аңыздар бар.

Бұл өте ертеде болған. Қатыгез Жошы хан қазақ даласында көшіп жүрді. Ол өзінің жалғыз ұлынан өзге ешкімді жақсы көрмепті. Жас хан сымбатты әрі епті еді, сайыста да, бәйгеде де оған тең келер ешкім болмады, және де ол аңшылықты ерекше жақсы көрді.

Бірде ол өзінің адал уәзірлерімен бірге аңшылыққа шығады, сөйтіп олар жайылып жүрген құландардың үйірін көреді, олардың басында кәрі ақсақ құлан жүреді.

Олар құландарға құйындай тап береді, және садақтың жебелері қарша борады. Бір жебе кішкентай құланға тиіп, ол құлайды. Ақсақ құлан оның жанына келіп еңкейеді. Ол кенеттен жас ханды қызықтырып, желдей ұйытқып шаба жөнеледі. Уәзірлер оларды ұзақ қуады, бірақ сол күйі қуып жете алмайды. Олар жас жігіттің ізімен жүріп оны жыраның түбінде шалқасынан жатқан жерінен тауып алады, оның үстінде қарт құлан қарап тұрады.

Уәзірлер қорыққанынан қашып кетіп, Жошы ханның ауылына келеді. Хан уәзірлеріне қара бұлттай түнеріп қарап тұрды. Қатулы хан былай дейді: «Маған ұлымның қайтыс болғанын кім хабарласа, соның аузына мен ыстық қорғасын құямын». Жігіттер қорыққандарынан кейін шегінеді. Сөйтіп тобырдың ішінен ақсақал шығады.

Ол қолында бейтаныс музыкалық аспапты ұстап тұрды. Ақынның аспапта ойнай жөнелгені сол еді, бәрі ат тұяғының тарсылын, адырнаның дыбысын, жаралы құландардың дауыстарын естиді. Кенеттен музыка қуғыншыны бейнелеп, бірден жаралы жас жігіт жерге құлағандай шыңғырып жіберді де, тынышталды.

– Сен маған ұлымның қазасы туралы хабарды жеткіздің! – деп айғайлады Жошы хан.

– Хан, мен ештеңе деген жоқпын. Бәрін менің домбырам жайып салды. Жазаласаң, осы домбыраны жазала.

Ашулы хан аспаптың ортасына қайнап тұрған қорғасын құюды бұйырды, бірақ одан домбыраға ешқандай зиян тиген жоқ, тек ортасында кішкене тесік пайда болды. Міне, өнер күші дегеніміз осы.

Бұл аспаптың басқа көптеген халықтарда өзіндік баламалары бар. Орыс мәдениетіне формасы бойынша ұқсас домра аспабы болса, тәжік мәдениетінде – думрак, өзбектерде – думбыра, думбрак, формасы бойынша ұқсас дутар, қырғыздарда – комуз,  түркмендерде – дутар, баш, думбыра, башқұрттарда – думбыра, Азов маңындағы ноғай мәдениетінде – домбыра, түріктерде – саз.

Бұл аспаптар кейде ішектерінің санымен (3 ішекке дейін), сонымен қатар ішектері дайындалған материалымен (нейлон, металл) ерекшеленеді. Түрік және кейбір монғол халықтарының мәдениетінде кездесетін осы шертпелі аспаптарының атауының әртүрлі болуына қарамастан, домбыра тек бір мағынаға ие. Домбыраның мүмкіндіктері шексіз. Мысалы, батыс қазақстандық шеберлер мақамдар санын ұлғайтса, ал оның Шығыс және Орталық Қазақстандағы шеберлері – ішектер санын көбейткен.

Домбыра – қазақтың тұрмыс-тіршілігіндегі ең сүйікті әрі кеңінен таралған аспап. Қазақ домбырасы – бұл ағаштың тұтас бөлігінен дайындалған қос ішекті аспап, мысалы: шыршадан, үйеңкіден, бірақ желімделген даналары да кездеседі. Қазақ халық музыкасында сүйемелдеуші әрі жеке орындаушылық аспабы ретінде қолданылады. Көптеген заманауи музыкашылар өз композицияларына домбыраның дауысын қосады.

Әрбір аймаққа байланысты қазақ домбырасы құрылымының ерекшелігі болды.  Мысалы, батыста, Каспий жағалауында домбыраның формасы домалақ тамшы тәрізді болса, ұзын жұқа мойны болды. Оның пернелері ішектері секілді қойдың немесе ешкінің ішегінен жасалған. Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарында домбыраның төменгі қақпағы тегіс және мойны қысқа жуан болды. Шығыс қазақстандық домбыралардың 7–9 мақамы болды, ол сүйемелдеуді немесе ән әуендерін орындауды қамтамасыз етті.

Домбыраның әртүрлі формалары екі орындаушылық дәстүрдің ерекшеліктеріне негізделген. Қарқынды, үздік төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыраның мойнында еркін қозғалуы әрі сырғанауы тиіс. Бұл техникалық тәсілдерді мойны жалпақ әрі қысқа домбыраларда орындау мүмкін болмады. Аспаптардың көлемі мен корпустарының формасы дыбысталу күшіне ықпал етті: домбыра үлкен болған сайын оның дауысы қаттырақ шықты. Дыбысталу ерекшелігіне оң қол техникасы да ықпал етті: төкпе күйлерде дыбыс қатты буын сермеулерімен шыққан, ал шертпе күйде жеке саусақтармен ішектерді жұмсақ шерту арқылы шығарылған. Осылайша, домбыраның құрылымы мен осы аспаппен орындалатын күйлер арасында тығыз байланыс болды.

Шертер

Домбыраға ұқсас көне үш ішекті шертпелі аспап, бірақ көлемі одан айтарлықтай кіші, сонымен қатар ол пернесіз  мойнымен және барынша қатты дауысымен ерекшеленеді.

Шертерді тұтас ағаштан әзірлеген, оған иілген форма беріп, шанағын былғарымен қаптаған, осыдан кейін аттың қылынан немесе сіңірінен 2 ішек жүргізген.

Шертерді ағаштың тұтас бөлігінен дайындау тек осындай аспапта ғана ағаштың жаны сақталады деген наныммен тығыз байланысты, және ол аспаптың дыбысымен жеткізіледі.

Әдеттегідей, шертердің бір құлағы ғана болды, сондықтан қос ішегі де басынан өткізіп, оның біреуін құлаққа, басқасын – тікелей басына бекіткен. Шертердің басына бекітілген ішекті қолмен созса, құлаққа бекітілген екінші ішегін бірінші ішек дыбысының жоғарылығына қарай үйлестірген.

Аңыздарға сенсек, қойшылар қой баққанда осы аспапта ойнаған. Оның әдемі дауысына елітіп құстар ұшып келіп, музыкашының жанына отырған. Өткен ғасырда шертерде ойнау эпикалық аңыздар мен әндерді сүйемелдеген.

Жетіген

Формасы бойынша гуслиді немесе жерде жатқан арфаны еске түсіретін қазақтың көне жеті ішекті шертпелі аспабы. Жетігеннің өте көне түрі ағаштың кесегінен қашалған сопақша жәшікке ұқсас болған. Мұндай жетігеннің жоғарғы қақпағы да, құлақтары да болмаған. Ішектері аспаптың сыртқы жағынан қолмен тартылған. Кейінірек жетігеннің үстіңгі қабаты ағаш қақпақпен жабылды. Әр ішектің астына екі жағынан құлақтардың рөлін атқарушы асықтар қойған. Оларды жылжыту арқылы ішекті күйге келтіруге болатын еді.

Ерте заманда бір ауылда қарт ақсақал өмір сүріпті. Оның 7 ұлы болыпты. Бірде қыстың қақаған суығында жұт келіп (малдардың жаппай аштан қырылуы), халық тамақсыз қалады, және ақсақалдың үйін ауыр қайғы басады. Ұлдары бірінен кейін бірі қайтыс болды. Үлкен ұлы Ғани қайтыс болғаннан кейін қайғылы қарт қураған ағашты қашап алып, оған ішек тартып, «Қарағым» күйін орындайды. Екінші ұлы Төреәлімнің қазасынан кейін әкесі екінші ішекті тартып, «Қанат сынар» күйін орындайды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол «Құмарым» күйін арнаса, төртіншісі Бекеніне «От сөнер» күйін арнайды, ал бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», алтыншы ұлы Жұлзарға – «Күн тұтылды» күйін арнайды. Соңғы кенже ұлы Қиястан айырылғанда қарт жетінші ішегін тартып, «Жеті баламнан айырылып құса болдым» күйін орындайды.

Аспаптан қайғыға толы дыбыстарды шығару арқылы орындаушы әуендер арқылы өз балаларының бейнесін көрсетеді. Осы суырып салма әуендер дамып, «Жетігеннің жетеуі» деген атауымен аспаптық пьеса-күйлері формасында біздің заманымызға дейін жетті.

Қобыз

Қобыздың шанағы ожау тәрізді, ал мойны қысқа әрі доға тәрізді иілген, басы үлкен тегіс және жоғарғы жағына бекітілген тұтқасы бар қашалған, қабыршықпен қапталған жартылай шардан және бекітуге арналған шығыңқы тығырықтан тұрады. Қобызға тартылған қос ішек аттың қылынан есіледі. Аспаптың жалпы ұзындығы 600–730 миллиметр.

Қобызды тізеге қысып (виолончель секілді), қысқа ысқымен ойнайды. Бұл аспапты ежелде дала бақсылары (шамандары) әртүрлі рәсімдер үшін қолданған.

Қобыздың ағаштың тұтас кесегінен жасайды. Бұл музыкалық аспаптарды дайындаудың адамзат тарихындағы көне тәсілдерінің бірі, және ол техникалық артта қалушылықпен немесе металлды құрылғыларының болмауымен түсіндірілмейді. Көптеген халықтардың көне наным-сенімдері бойынша ағаштың жанды әндетуші рухы тек тұтас кесекте ғана сақталады, кейіннен ол аспаппен жеткізіледі. 30–60 есілмеген ат жалының байламынан жасалған ішектері секілді оның ашық шанағы да өте қою, обертондарға бай тембрді жеткізеді.

Қорқыттың есімі көптеген түрік халқына әртүрлі баяндамалар мен ол туралы аңыздардың нұсқаларымен танымал. Қазақ нұсқасы бойынша Қорқыт – музыканың атақты әкесі, жер бетіндегі музыканы тудырушы. Аңыз бойынша Қорқыт жастайынан адам өмірінің қысқалығымен күресу мақсатында ажалмен күресуге бел буады. Мәңгілік өмір туралы өз ойлары мен арманының жетегіндегі Қорқыт адамдардан алысқа кетеді, бірақ барлық жерден ажалды көреді: орманда шіріген әрі қураған ағаш оған өзінің өлімін баяндап береді және Қорқыттың өзін де ажал күтіп тұрғанын айтады; далада – күннен күйген бетеге де оған осыны айтады; тіпті күшті таулардың өзі болашақта өздерінің құлайтындығын және Қорқытты осындай тағдыр күтіп тұрғанын хабарлағандай. Осының бәрін көрген және естіген Қорқыт азаптанып жүріп шырғай ағашынан алғашқы қобызды жасайды, оған қос ішек тартып, өзінің азапты ойлары мен сезімдерін осы аспаппен жеткізген. Ол осы әуендерге жан дүниесімен берілді, және оның қос ішегінің сиқырлы дауысы бүкіл әлемді қамтыды әрі баурап алды. Осы кезден бастап Қорқыттың әуендері және ол жасаған қобыз жер бетіне кеңінен таралды, ал Қорқыттың есімі қобыздың ішектері мен халықтың жүрегінде мәңгілікке сақталып қалды.

Қобызда ойнау тарихы бақсы-шамандардың діни-сиқырлы рәсімдерімен байланысты еді. Қобыз бақсыларға өздерінің әруақтарымен және көмекші күштерімен (табиғат күшімен және т. б.) байланысу құралы болды. Шамандардың аспаптары ерекше болды: басына үкі тағылып, иірілген мүйіз, құстардың мүсіні секілді металл пластинкалар ілінген, олар музыканың тактісіне бойынша сылдырлаған; ыдыстың түбіне айна қойылған. Осының барлығы жай ғана әшекейлер емес, керісінше шамандардың белгілері – нышандары болды. Қобыз қасиетті аспап болды. Қарапайым халық тіпті осы аспапты қолдарына алудан қорықты, себебі қобыз да иелері секілді ғажайып сиқырлы күшке ие әрі адам тағдырына ықпал ете алады деп ойлады. Аңыздарға сәйкес қобыз және қобыз музыкасы жындарды, аурулар мен өлімді қуады.

Сонымен қатар қобыз дәстүрі тек діни сипатқа ғана ие емес, сонымен қатар жыраулардың эпикалық шығармашылығымен тығыз байланысты, жыршылық көшпенді халықтар арасында көрнекті орын алды. Жыраулар әдетте ханның ордасында болды, олар ханның әскери және саяси кеңесшілері болды, ханның, батырлардың ерліктерін жырлады.

Музыкалық аспаптар әлемі бай әрі жан-жақты. Олар халық музыкашыларының арқасында шынайы сиқырлы бейнеге еніп, жанданады әрі өз дауысын табады, ал оның құдіретті күші тыңдармандардың жүрегін баурап алады. 

Дереккөз:  "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться