MCFR.KZ Образование

Салт-дәстүрлердегі, әдет-ғұрыптардағы қазақ халқының музыкасы

  • 11 марта 2019
  • 541

Вокалдық-ән шығармашылығы аспаптық орындау секілді қазақ халқы мұрасының басты құрамдастары болып табылады.

Ежелден бастап ауызекі ән өнері әкеден баладан мұра болып қалған және өскелең ұрпақтың күнделікті тұрмыстағы ауқымды тәжірибесін, жоғары эстетикалық талғамын, өз жеріне, салттарына, дәстүрлері мен рәсімдеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастырды.

Дауыс – бұл өмір бойы адамның жанынан табылатын аспап. Көшпенді және жартылай көшпенді өмір салтының ғасырлар бойы қалыптасқан ділі, мал шаруашылығымен, қолөнермен, шаруашылықпен айналысу қазақ халқының өзіндік мәдениетінің тұтас мәдени қабатын қалыптастырды.

Вокалдық-интонациялық ойлану қазақ халқына тән, себебі сөйлеудің негізін – сөз, ал музыканың негізін – әуен құрайды. Ауызекі халық шығармашылығы дамуының тарихи жолында мәдениеті, дәстүрі, салттары мен ғұрыптары дамуы мен қалыптасуының негізін қалайтындардың бірі.

Қазақ халқының рухани құндылықтарының базасы фольклор болып табылады, ол музыкалық материалды баяндаудың айқындылығына ие музыкалық-көркем ұлттық үлгіні сақтау мен дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады, олар: әуен, метр, ритм, гармония, форма, мазмұн, аталғандардың барлығы әлемдік мәдени мұра құндылығының бірегей құрамдастары болып табылады.

Қазақ халқының ән өнері бүгінгі күнге дейін әртүрлі жанрлар түрінде жетті және оның поэзиямен, әдебиетпен, заманауи музыкамен және театрмен байланысы бар. ХХ ғасыр композиторлары осы жанрларды жазып алған және өз шығармаларында қолданған, атап айтсақ А. В. Затаевич, А. Эйхгорн, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Б. Ерзакович әртүрлі музыкалық әндерді, операның хор сахнасын, әртүрлі аспаптарға ыңғайланған әуендер секілді әртүрлң музыка туындыларын шығару үшін.

Бұл ауызекі тілге, баяндауға жақын желдірме әндер (терме, желдірме, толғау). Жанрдың өзіндік ерекшелігі эпоспен байланысты, ол әуеннің, ритмнің, өлең құрылысының және мазмұнның ерекшелігін сипаттайды. Вокалдық-интонациялық ойдың аталған түрін қазіргі композиторлар циклдық шығармаларында, сонымен қатар опералар мен ән сайысы – айтыстарда қолданады.

Еңбек әндері – халықтың өмір салтын бейнелейтін ежелгі жанрлардың бірі: жылықышы әні, аңшы әні, қойшы әні, еңбекке байланысты «әйелдер» әні.

Тұрмыс-салт әндері тұрмыспен, дәстүрмен, мерекелермен байланысты отбасылық құндылықтарды, халықтың өнегелі қағидаларын бейнелейді: «шілдехана», «бесік той», «тұсаукесер», «тілашар», «сүндет той», балалар ойындарының әндері. Ал «Бесік жыры», «Тұсаукесер жыры», «Ақ білек», «Қарлығаш», «Он үш жаман», «Өмір туралы жыр» секілді атақты әндер өзіндік ерекшелігін мәңгі сақтап қалды және қоғам өмірінде алғашқы мағынаға ие осы жанрдың эталоны болып табылады (үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, ас беру).

Үйлену тойы әндері – қазақ халқының тұрмыстық өмірін бейнелейтін және театралдық іс-әрекеттің көпқұрамдылығымен ерекшеленетін отбасылық-тұрмыстық ән түрлерінің бірі. Осы жанр әндерінде «қол ұстар», «шаш сипар», «есік ашар» рәсімдерінің эволюциясы орын алады. суырып салма орындаушылық мазмұны мен формасының тұрақтылығы осы жерде айқын көрініс тапқан.

Жерлеу рәсімінің әндерінде дәстүрлерге деген тұрақтылық, формалардың, мазмұнның жан-жақтылығы, аспаптық музыкаға байланысты суырып салма өнері айқындалады. Осы жанр бойынша «Жоқтау», «Жылау», «Зар», «Естірту», «Көңіл айту» әндері, «Ақсақ құлан», «Ерден күйі» күйлері жазылған.Бұл жоқтау, жылау және т. б. әндер.

Дәстүрлі әндер – өмір туралы діни түсініктер тірегі болып табылатын жанр. Мұсылман діні тілдік рәсімдермен және шаман-бақсылардың әндерімен түйіседі. «Жарапазан», «Жарамазан», «Наурыз әндері», «Сарын» әндері халықтың тұрмыс-тіршілігімен тереңнен таныстырады.

Лирикалық әндер халық поэзиясына жақын, мазмұны мен баяндалуы бойынша әртүрлі формалардың көркемдік музыкалық-мәнерлі құралдармен жеткізілуі кездейсоқ жағдай емес. Поэзия тілінің өзіндік ерекшелігі осы жанрда дамыған, бұл ретте әр аймақ өздігінше, жанды түрде сипатталған. «Шұбар ағаш», «Ой, жайлау», «Топ шеңгел», «Тілеу қабақ», «Баянауыл», «Япырай», «Аққұм», «Назқоңыр», «Қызыл бидай» секілді әндерді қазіргі композиторлар кеңінен қолданады.

Әлеуметтік тенсіздікке карсы әндер хх ғасырда пайда болды, яғни адам және қоғам, зорлыққа қарсылық, адам құқығы мен бостандығына қол сұғушылықтар өзекті мәселеге айналған дәуірде. Осы тақырыптар көптеген ақындардың шығармашылығында көрініс тапты, мысалы «Ақсиса», «Жанбота», «Жиырма бес», «Туған жер», «Әупілдек» әндерінде. Дәл осы уақытта өсиет әндер, ауыр еңбек туралы «әйелдер» әні және т. б. туындайды.

Тарихи әндер мен эпикалық әндері поэзиямен, әдебиетпен, қазіргі музыка және театрмен тығыз байланысты, өткен дәуірдегі тарихи оқиғаларды, эпоспен байланысын бейнелейді. Күй авторлық деңгейден халық деңгейіне де көтерілді, мысалы – «Кішкентай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлері.

Мерекелерде ойындар өткізілді: бәйге, күрес), тартыс. Ойын қатысушыларына бағалы сыйлықтар тағайындалды. Халық мерекелерінде музыка мен суырып салма ақындар айтысы да өткізілді. Әрбір мерекеде көк бөрі және қыз бөрі халық ойындары өткізілді, олар генетикалық тұрғыда ежелгі төтемдік түсініктерден бастау алады. спорттық бұқарлық ойын жарыс пен үлкен аңшылық ойыны қамарғы да халықтық сипатқа ие болды. Спорттық сайыстың ең қиын түрі алтынқабақ ойыны болды. Мергендер құнды сыйлықтар алып отырған. Кейінірек жамбы ату ойыны кеңінен таралды. Мереке музыкаға және суырып салма ақындардың айтысына ұласты.

Қазақ халқының мәдениетіндегі дәстүрлер, әдет-ғұрыптар әртүрлі, олар барлық қызмет көрсету саласын қамтиды және оның мәдениетінің іргетасын қалап, адамның ішкі тірегін – этникалық қоғам өкілін қалыптастыра отырып, «халық рухын» жеткізеді, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің жалпы бағытын сипаттайды.

Қазіргі кезде әлемдік ықпалдастырылған үдерісте қоғамдық қатынастарды реттеу үлгілері бойынша қоғам дамуының оң тенденциялары айқындалады. Мәдениеттің дамуы халықтың әлеуметтік және мәдени өмірінде маңызды орын алатындығы даусыз. Және осыған байланысты вокалдық-интонациялық ой барлық факторларымен бірге әлеуметтік, генетикалық жадының тасымалдаушысы рөлін атқарады, ол тек өткенді ғана есінде сақтамайды, сонымен қатар оны осы шақпен синтездей келе, дамуға және болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: № 1-2014 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться