MCFR.KZ Образование

Білім сапасы мониторингі

  • 8 февраля 2019
  • 3739
Білім сапасы мониторингі
Білім сапасы мониторингі

Аталған үдерісте мониторинг жүргізілген педагогикалық іс-қимылды жоспарлы диагностикалық анықтау және бағалау ретінде мамандарды оқыту сапасын қамтамасыз етудің өзіндік құралына айналады.

Педагогикалық мониторинг

Білім сапасы – білім беру үдерісінің жағдайы мен нәтижелілігін, тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамыту мен қалыптастырудағы оның қоғам сұраныстары мен мүддесіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік санат.

Педагогикалық мониторинг студенттердің оқу сапасын бақылауға мүмкіндік беретін тиімді басқару технологиясы болып табылады.

Педагогикалық мониторинг көрсеткіштері жүйесіне мыналар кіреді

  • жалпы оқу машықтары мен дағдыларының қалыптасуы;
  • жеке пәндер бойынша оқу үлгерімі және оқу сапасы;
  • білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру;
  • студенттердің тәрбиелілігі;
  • денсаулық жағдайы, денсаулық сақтаушы әлеует;
  • білім беру бағдарламасымен қамтамасыз етілетін білім беру жүйелілігі, заманалығы және т. б.

Мақсаты – білім беру үдерісі мен оның қызметінің негізгі көрсеткіштерінің жағдайы туралы ақпаратты қорытуға және талдауға, сапалы білімге дету жөнінде басқарушылық шешім қабылдауға, оның даму қарқынын болжауға арналған негіздеме құру.

Міндеттері:

  • оқу-тәрбие үдерісінің жағдайы мен жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша маман дайындау сапасын жүйелі және жан-жақты зерттеу;
  • білім беру үдерісінің барлық кезеңдегі жағдайы, ұйымдастырылуы, мазмұны мен нәтижелері туралы нақты әрі толыққанды ақпарат алу;
  • мониторингтік зерттеу механизмін құру;
  • ақпаратты жүйелеу үші, оның жеделдігі мен қолжетімділігін арттыру үшін, ақпарат ағымдарын оңтайландыру үшін құрылымдық бөлімдердің жергілікті ақпараттық желісін құру;
  • мониторингтің барлық субъектілерінің қызметін үйлестіру;
  • заманауи жетістіктер негізінде ақпараттық-талдамалы қызмет технологиясын жетілдіру;
  • білім беру кеңістігіндегі өзгерістерді дер кезінде анықтау және жұмыс жоспарына түзетулер енгізу.

Мониторинг:

  • жеке, дербес – оны оқытушы, сынып жетекшісі, тәрбиеші жүзеге асырады;
  • дидактикалық – оқу үдерісін жан-жақты бақылау (студенттердің даму деңгейі, оқу үлгерімінің жағдайы, білім, дағды және машықтар сапасы);
  • тәрбиелік – тәрбие үдерісін жан-жақты бақылау (тәрбиелілік деңгейі, топ ұжымының даму деңгейі, әлеуметтік орта);
  • психологиялық-педагогикалық – оқушылардың психологиялық денсаулығын бақылау, олардың жеке қабілеттіліктерін дамыту (психологпен бірге);
  • медициналық – оқушылардың денсаулық динамикасын бақылау (колледждің медициналық қызметкерімен бірге);
  • бастапқы (кіріспе) – студенттердің білімінің тұрақтылық дәрежесі анықталады, жазғы кезеңдегі білімінен айырылу себептері анықталады және алдыңғы жылдағы материалды қайталау үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою шаралары белгіленеді;
  • аралық (тақырыптық, жарты жылдық) – студенттердің оқу қарқыны бақыланады, оқу үлгерімінің төмендеуінің алдын алу үшін оқытушылар мен студенттердің қызметі түзетіледі;
  • қорытынды (жылдық) – студенттердің келесі курсқа көшу барысындағы білімдерінің, дағдылары мен машықтарының қалыптасу деңгейі анықталады, студенттерді ары қарай оқыту нәтижелілігі болжанады, мониторингтің қанағаттанарлықсыз нәтижелері шыққан жұмыстағы, пән және топ бойынша келесі оқу жылына арналған колледжішілік бақылауды жоспарлау кемшіліктер анықталады.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Білім беру үдерісінің сапасын бақылау
Білім сапасы мониторингі

Г. Т. Дандыбаева

«Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» ММ директоры
Білім сапасы мониторингі

Г. В. Сочнева

директордың ОІ жөніндегі орынбасары

Мектепішілік сапа қызметінің (бұдан әрі – МІСҚ) жұмысы оқудың барлық сатысында білім беру процесінің сапасы туралы нақты объективті ақпаратты қамтамасыз етуді және басқарушылық ақпараттық ағымдарды реттеуді көздейді.

Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған МІСҚ басқарушылық, ашықтық және ынтымақтастық қағидаттарының негізінде әрекет етеді. 

Басқарушылық қағидаты білім сапасын қамтамасыз ету үшін МІСҚ барлық компоненттерін: мақсаттарын, мазмұнын, нысандарын, нәтижесін жобалауды білдіреді.

Ашықтық қағидаты мектеп қоғамдастығының мектебіміздің білім беру стратегиясын мектеп сайты, Күнделік, ата-аналар қоғамдастығымен кездесулер арқылы іске асыру барысы туралы хабардарлығымен қамтамасыз етіледі.

Ынтымақтастық қағидаты оқушылар мен ата-аналар қоғамын білім беру қызметін бағалауға тарту арқылы іске асырылады.

МІСҚ жұмысының мазмұнына мына факторлар ықпал етеді:

  • білім саласындағы мемлекеттік саясат өзгерістері (білім мазмұнын жаңарту, білікті тәсіл, ҰБТ-ның жаңа форматы);
  • мұғалімдердің тез өзгеретін кәсіптік ақпараттық сұраныстары;
  • мектеп-лицейдің білім беру жүйесінің ерекшеліктері.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін іске қосу мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

  • барлық мүдделі тұлғалардың білім беру үдерісіне қатысуын: білім алушы оқушылардың, білім беру қызметтерін ұсынатын оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерін, еңбек нарығының өкілдері болып табылатын, осылар үшін мамандар дайындалып жатқан  жұмыс берушілердің қатысуы;
  • білім беру сапасын арттыру;
  • біліктілігі жоғары және бәсекеге қабілетті маман шығару;
  • білім беру қызметінің аймақтық нарығында колледждің мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
  • білім беру үдерісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу;
  • оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру;
  • білім беру үдерісін ұйымдастырудың әрбір кезеңінде оқу сапасын бақылауды жүргізу;
  • дайындалып жатқан мамандардың, жұмыс кадрларының оқу сапасына дер кезінде түзетулер енгізу;
  • түлектердің қоғамдағы әлеуметтену деңгейін арттыру;
  • ықпалдастырылған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  •  жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестердің кәсіптік білім беру мәселелерін шешуге қатысуы, соның ішінде білім беру бағдарламаларын рецензиялауға, түлектерді қорытынды аттестаттауға, маман дайындауға тапсырыс қабылдауға, шарт бойынша кадр дайындауға қатысуы.

Дереккөз: № 4–2014 ж. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться