MCFR.KZ Образование

Мектепті сәтті басқару ұстанымдары

  • 6 марта 2019
  • 1713
Мектепті сәтті басқару ұстанымдары
Мектепті сәтті басқару ұстанымдары

Мектепті сәтті басқаруды қамтамасыз етуші негізгі ұстанымдар

Басшының қасиеттерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады:

  • іскер, кәсіби қасиеттері, басқару қызметінің қолданылатын әдістері мен тәсілдері;
  • зияткерлік және тұлғалық қасиеттері: білімі, дағдылары, ақыл-парасаты,  эмоционалды-ерікті саласы, мінезі. Қасиеттердің осы тобы бірқатар ерекшеліктерге ие: басшының кәсіби, басқарушылық біліктілігі қалыптасатын іргетасы болып табылады; алғашқысымен салыстырғанда оны түзету барынша қиын: шешім қабылдау әдістемесін немесе басқару технологиясын меңгерумен салыстырғанда ойлау стилін немесе ерекшелігін өзгерту өте қиын.

Басшының психологиялық қасиеттерінің бірі – оның ойы.

Іс-тәжірибелік қызмет барысында басшы

  • ықтимал қиындықтар мен оларды жою тәсілдерін алдын ала анықтай отырып, күрделі әрі перспективалық;
  • істің барлық тараптары мен ықпал етуші факторларды қамти отырып, жүйелі;
  • шынайы факторларды субъективтік пікірлерден ажырата отырып, іс-тәжірибелік және негізді;
  • жинақталған тәжірибенің ерекшеліктерін басқарудың бірегей, жаңашыл әдістерімен үйлестіре отырып, консерваторлық, шаблонсыз;
  • жағдайдың өзгеруін тез қабылдай отырып, өз бетімен барынша ұтымды шешім қабылдай отырып, жедел;
  • алға қойған мақсатқа жете отырып, бірізді әрі мақсатты;
  • өзгелердің тәжірибесін барынша қолдану, кәсіби білімі мен машықтарын жетілдіру тұрғысынан өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде бағалау қабілетін көрсете отырып, сыни тұрғыдан ойлана білуі қажет.

Көшбасшы – бұл ресми бағынушылыққа немесе басшылықтан қорыққандықтан емес, керісінше оның өзі ұйымдастырған істерді басқалары үшін қызықты әрі тартымды ету дағдылары мен машықтарына ие болғандықтан  өзгелер бағынатын адам.

Мектепті сәтті басқаруды қамтамасыз етуші негізгі ұстанымдар

  • Оқушыларды оқыту үдерісінде мектеп басшылығы мұғалімдерден кейінгі 2-ші кезекте тұр, оқушылармен тығыз байланысты, сапалы оқыту басты мақсат болып табылады. Ғалымдар талдау жасап, мынадай қорытындыға келді: оқу сапасына басшылық 5–7 % ықпал етеді. Сонымен қатар зерттеулер көрсеткендей, егер мектеп директоры жұмысының сапасы артса, онда оқу сапасы да 10 есеге артады.
  • Барлық табысты басшылар басқарудың бірыңғай базалық іс-тәжірибесін (бағдарламасын) қолданады. Екі пікір бар:
  • «Басшылықтың орталық міндеті – персоналдар жұмысының сапасын жақсарту».
  • «Әрбір ұстаздың жұмысы оның дүниетанымына, мотивациясына, біліміне, машықтарына, еңбек жағдайына байланысты».

Басшылықтың іс-тәжірибесі:

  • жұмыс бағыттарын әзірлеу және идея – даму тұжырымдамасын (мақсатын, стратегияларын) құру;
  • мұғалімдерді түсіну және дамыту – кәсібилік, біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу;
  • ұйымды мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қайта жабдықтау;
  • оқу және оқыту бағдарламасын басқару, ұжымның кәсіби дамуы.

Жақсы басқару оның осы төрт іс-тәжірибені қаншалықты меңгергендігіне байланысты.

  • Басқарудың базалық іс-тәжірибелерін қолдану – үстемшілдікті емес, керісінше түсіністік пен қайырымдылықты көрсетеді. Табысты және табыссыз басшылар арасындағы айырмашылық мектептің ерекшеліктерін ескере отырып, осы іс-тәжірибелерді қолданудан тұрады.
  • Жанама түрде және мұғалімдерді ынталандыру, олардың қызметіне шынайы берілуі мен еңбек жағдайын жақсарту арқылы барынша тиімді тәсілмен оқу сапасын жақсартады.
  • Ұжым арасында міндеттерді тепе-тең бөлу арқылы жұмыс жасайды.
  • Басқарудың барлық түрі тиімді емес.
  • Тұлғалық қасиеттері басқару тиімділігіне ықпал етеді: басқалардан үйренуге дайын болу, жайдарлылық, ойлану, наным тұрғысынан икемділігі, өзіндік оқыту стилін енгізу.

Басшы

  • барлық деңгейде және кезеңдерде оқушылардың жетістіктерін жақсартуы;
  • әділдікті, шындықты көтеруі (үздік нәтижелердің тепе-теңдік бағдарламасын тарату);
  • оқыту мен оқу сапасын арттыратын мұғалімдер мен мектептің еңбек жағдайын жақсартуы және қолдауы;
  • қоғамдастықпен жұмыс істеуі (мектеп серіктестікте жұмыс істейтіндердің бәрімен);
  • ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесін жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға өз үлесін қосуы тиіс.

Мектеп директорларына қойылатын талаптар:

  • ұжымымен бірге мақсатқа ұмтылады;
  • білуі және түсінуі (оқу үдерісін, балалар психологиясын түсіну, барлық жаңашылдықтарды, өз ісін білуі);
  • тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қарым-қатынас қасиеттері (келіссөздер жүргізу, оқушылармен қарым-қатынас орнату машығы), мәселені көру, теңдестіру, қалыптасқан жағдайдан шығу жолын табу.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау
Мектепті сәтті басқару ұстанымдары
О. В. Побирская № 25 ЖБМ ғылыми-әдістемелік жетекшісі, Ақтөбе қ
Мектепті сәтті басқару ұстанымдары
Ж. З. Дошниязова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.

Бақылау қызметі басқару қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бақылау барысында алған ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың (бұдан әрі – МІБ) мектеп жұмысын талдаудың негізінде жоспарланатыны, айқындалған мәселелерді, инновациялық процестерді қамтитыны, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін зерттеуге, оларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталғаны жалпыға мәлім. Бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімдері белгіленеді, бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады, тексеру алгоритмі құрастырылады. Тексеруден кейін анықтама жазылады, оның нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады, директордың, директордың орынбасарының қатысуымен өтетін кеңесте қорытынды жасалады, ең маңыздылары ғылыми-әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерде қарастырылады

Басқару стильдері

Авторитарлық стиль – нұсқауларды басшы іскер, қысқаша, тура және ашық түрде береді, ықшамды командалық тіл, көбіне суық қабылдау тән, мақтау мен мадақтау субъективті. Басшы «топтан кейін» болады.

Іс-шаралар алдын ала жоспарланады, әдетте тек алдағы іс-қимылдар көрсетіледі, болашағы педагогтерге беймәлім, басшының пікірі – шешуші.

Педагогикалық ұжым бастамашылдық танытудан қорқады, себебі ол үшін жазалануы мүмкін. Мұндай жағдайда педагогтердің өздерінің ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігі жоқ. Сырттай тәртіп орнаған секілді көрінеді, бірақ педагогикалық ұжым эмоционалды шиеленісте болады.

Либералды стиль – конвенциалды сарын, мадақтаудың, жазғырудың, ұсыныстың жоқтығы, тыйымдар немесе өкімдер айтылмайды, керісінше енгізілуімен алмастырылады, серіктестік жоқ, басшының ұстанымы – топтан тыс. Негізінде басшы ауызша нұсқаулар мен ұсыныстар жасамайды, тек өзінің қатысуымен ықпал етеді, жұмыс жеке мүдделерден құралады. Егер басшы болмаса, педагогтер өз ісімен айналысуға немесе жұмыстан кетіп қалуға тырысады, себебі оларды бірлескен қызметтің соңғы нәтижесі қызықтырмайды. Мұндай педагогикалық ұжымда автономдық түрдегі шағын топтар бар, істің мүддесі де осыдан зардап шегеді. Қызметтің либералды стилін енжар деп те атайды.

Демократиялық стиль – барлық іс-шаралар ізгі сарынмен айтылған ұсыныстар формасына енеді, мадақтаулар мен жазғырулар бағыныштылардың пікірлерін ескере отырып айтылады, тыйымдар ұсыныс және пікірсайыс формасында енгізіледі. Бірлескен қызмет орын алады, басшының позициясы – «топпен». Негізінде көптеген іс-шаралар жоспарланады және талқыланады, оның жүзеге асырылуына барлық қатысушылар жауапты, басшы өз дауысының шешуші ықпалын пайдалануға тырыспайды. Педагогикалық ұжым бірлескен қызметтің соңғы нәтижесіне қызығушылық танытады, ұжымда бастамашылдық басым, жұмысқа деген саналы көзқарас қалыптасады. Мұндай педагогикалық ұжымда кадрлардың тұрақсыздығы төмен, педагогтердің өз қабілеттерін қолдану мүмкіндіктері бар.

Қазіргі кезеңдегі басқарудың барынша тиімді стильдерінің бірі – коучинг – адамның өз мақсаты мен оған жету жолдарын түсінуіне мүмкіндік беретін әңгіме. Мұндай әңгіменің нәтижесі созылмалы, себебі мұндай түсінік пен пікір сәйкес сұхбаттасулар барысында адамда өздігінен туындайды.

Коучингті басқаруда қолдану қызметкерлердің тікелей жұмыс орындарындағы, әдеттегі лауазымдық қызметі барысының тиімділігін арттыруға бағытталған ресми немесе бейреси коус-сессиялар өткізуді болжайды.

Басшы өзі өткізген коучинг нәтижесінде қызметкердің алдына қойылған міндетті дұрыс түсінгеніне, оны шешуге қажеттілердің барлығымен қамтамасыз етілгеніне, және де ең маңыздысы – міндеттердің шешімін табу жауапкершілігін өзіне қабылдағандығына сенімді бола алады. Бұл үнемі жұмыс барысын қадағалаудың, ал кейде тіпті одан да нашары – атқарылған жұмысты өз бетімен қайта орындаудың және болашақта барлық міндеттерді өз мойныңа артып, уәкілеттіліктерді табыстаудан қашқақтаудың орнына өзіңнің тікелей міндеттеріңді атқаруыңа мүмкіндік береді.

Қызметкерлерге бұл тек алдына қойылған міндеттерді толық деңгейде және белгіленген мерзімде орындауға ғана емес, сонымен қатар болашақта осы тектес міндеттерді шешудегі өз әлеуетін ашуға, сонымен қатар жұмыстан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Көшбасшы – бұл  өкілдік бейімділіктері мен қабілеттеріне ие адам, ұжымға ортақ позицияны жеткізуші. Міне, сондықтан да адамдар оның жанына жиналады және ол көтерген мәселелер тікелей олардың жеке мүдделеріне қатысты болмағанда оның бағытымен жүреді. Адам адамдардың мүдделерін жеткізуге қабілетті әрі бейім болғандықтан ғана көшбасшыға айналмайды.

Дереккөз: «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться