Вопрос
Жоғары оқу орнына түскенге дейін сәйкес білімім болмаса да бір жыл бойы ауылдық жерде музыка мұғалімі болып жұмыс істедім. Осы мамандық бойынша жоғары оқу орнының күндізгі бөлімін бітіргеннен кейін қайтадан бұрынғы жұмысыма оралдым. Жоғары оқу орнына дейінгі бір жылғы жұмысым мен жоғары оқу орнында оқыған кезім педагогикалық өтіліме кіре ме?
Ответ
Педагог қызметкерлердің жекелеген жұмыс кезеңдерін мамандығы бойынша жұмыс өтіліне енгізу тәртібі мен негіздемелері ҚР білім және ғылым министрінің 14.06.2010 ж. № 302 бұйрығымен бекітілген Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiмен анықталады.
Аталған Ереженің қағидаларына сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтіліне оқу орнына түскенге дейін мұғалім лауазымында жұмыс істеген кезеңін енгізу керек. Жоғары оқу орнында оқу кезеңі жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық жұмыс өтіліне кірмейді.
Дереккөз: «ACTUALIS:Білім беру» ЭЖ